20 Наурыз, 2015
838
Қазақстан халқы Ассамблеясының Наурыз мейрамымен кұттыктауы
Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтайды!
Құрметті Отандастар!
Наурыз – жалпыхалықтық мейрам. Оның бастауында бейбітшілік, келісім, отанға деген адал сезім, мақсаттардың бастауы, жаңару жатыр. Бұл күндері еліміздің барлық өңірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Асар» республикалық әлеуметтік акциясы өтуде. Бұл іс-шарада қайырымдылық пен ізгілік жасау арқылы бірлігіміздің іргесін одан әрі нықтай түсуге бағытталған.
Наурыз мерекесін атап өту арқылы біздер ортақ дәстүрлі құндылықтарымызды жаңғыртуға, қамқорлық жасауға, зор сенім мен еңбексүйгіштікті, ашықтық пен толеранттылықты қалыптастырамыз. Бұл күні біздер жақындарымызға жанашыр болып, қоршаған ортамызға қуаныш пен бақыт сыйлаймыз.
Бүгінде Қазақстан тарихында жаңа кезең басталды. Президент Н.Ә.Назарбаев таяудағы өзінің Үндеуінде бес институционалдық реформаны атап көрсетті - бұл біздің мемлекетіміздің бірлігі мен тұрақтылығының бес қадамы. Бұл «2050 Стратегиясы» және «Нұрлы Жол» бағдарламаларын жүзеге асыруға бастар жол.
Сондықтан бүгін әр қазақстандық қоғамдық келісім мен бірлігіміздің арқасында міндеттердің сәтті боларына сенімді.
Қымбатты жерлестер
Наурыз - туған жеріміздің қайта жаңаруының көрінісі. Баршаларыңызды көктем мерекесі, жыл басы Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.
Ұлыстың ұлы күні әрбір шаңыраққа қуаныш, бақыт, ізгі үміттер ала келсін. Отанымыз Қазақстан гүлдене берсін!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Ұқсас жаңалықтар
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды