06 Маусым, 2016
686
Қазақстан халқы Ассамблеясының ҮНДЕУІ
Құрметті отандастар!
Қазақстан халқы Ассамблеясы 5 маусым күні Ақтөбе қаласында болған экстремистік әрекеттерді қатаң айыптайды.
Әлемдегі барша мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы басталар тұста орын алған жантүршігерлік оқиға біздің баршамызға, Қазақстан халқына сын-қатер.
Мұндай әрекеттер қай жерде, қашан болмасын адамдардың арасында қорқыныш пен сенімсіздік тудырып, үрей жасау, елдің бірлігі мен тұтастығына нұқсан келтіру үшін жасалады.
Қазақстан халқы біртұтас ел, өз отанының патриоттары ретінде осынау тағылық оқиғаны бірауыздан қатаң айыптайды.
Жағдайды тұрақсыздандыру, еліміздегі татулық пен келісімді шайқалту мақсатындағы кез-келген қадамға біз бірлік, қоғамдық келісім және азаматтық патриотизм қағидаларына адалдығымызбен қарсы тұрамыз.
Қазақстан халқы Ассамблеясы қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі тұрақтылықты шайқалту жолындағы кез-келген әрекетті үзілді-кесілді айыптайды және барша халқымызды қауіпсіз, өркендеген және тұрақты Қазақстанды нығайтып, дамыту жолындағы Елбасының сындарлы саясатының айналасына ұйыса түсуге үндейді.
Біздің әрқайсымыз қазір қырағылық пен сабырлылық көрсетуге, асқақ азаматтық парыз сезімін танытуға, тұрақтылығымызды қорғауға тиіспіз.
Біздің біртұтас халық, өз еліміздің азаматтары және патриоттары екенімізді барша жұртшылық білетін болсын!
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі
2016 жылғы 6 маусым
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті