15 Тамыз, 2016
811
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЖАЗ - ЕЛ РУХЫ» ФЕСТИВАЛІ
2016 жылғы 18-19 тамызда Астана қаласында, Назарбаев Университеті ғимаратында «Спорт бейбітшілік пен келісім жолында» ұранымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Олимпиадалық жаз - Ел рухы» фестивалі ұйымдастырылады.
18 тамызда сағ.11.00-де Назарбаев Университеті алаңында ҚХА-ның «Олимпиадалық жаз - Ел рухы» фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдар өкілдері, Қазақстанның барлық облыстарынан спортшылар, этномәдени бірлестіктер мүшелері мен жастар қатысады.
Фестиваль аясында спорттың 7 түрі бойынша - қазақша күрес, тоғызқұмалақ, таэквондо, волейбол, үстел теннисі, мини-футбол және армрестлингтен (қоссайыс) жарыстар ұйымдастырылады.
Спорттық іс-шара барысында еліміздің өңірлерінен келген командалар арасында сайыстар өтеді, көрермендер назарына этномәдени бірлестіктер өкілдерінің ұлттық спорт ойындары түрлерінен және «Strееt-worкоut» спортшыларының көрнекі ойындары ұсынылады.
Фестивальдің ұйымдастырушылары мен әріптестері:
- Қазақстан халқы Ассамблеясы;
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
- Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі;
- «Назарбаев Университет» АБҰ;
- Қазақ географиялық қоғамы.
Назарбаев университетінің мекен-жайы: Қабанбай батыр даңғылы, 53
***
Фестиваль атаулы мереке - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында Қазақстанда тұңғыш рет өтеді.
Фестивальдің негізгі мақсаты мен міндеттері - олимпиадалық қозғалыс пен жеңіс рухын дәріптеу, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, командалық рух пен достық құндылықтарын қалыптастыру, спорттық шеберлікті шыңдауға тәрбиелеу, 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы олимпиадасына қатысушы Қазақстан құрамасының спортшыларына қолдау көрсету.
Дәстүрлі және ұлттық спорт түрлерінің әлеуетін пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының халқы арасындағы достықты тереңдету, өзара сенімді нығайту, сондай-ақ фестиваль өткізу жолымен ұлттық спорт түрлеріне жастардың қызығушылығын арттыру.
___________________________________
«Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі:
тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13
E-mail: info_rgy@mail.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
7 Шілде, 21:16
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті