01 Ақпан, 2017
636
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖИЫНЫ
2017 жылғы 1 ақпанда Алматы қ. Достық үйінде республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелерінің қатысуымен республикалық жиын өтті.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары –Хатшылық меңгерушісі Е.Л.Тоғжанов, ҚХА Төрағасының орынбасары Л.Питаленко, ҚХА Кеңесінің мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің белсенділері, жастар ұйымдары, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесі мен зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің БАҚ мен ҚХА өзге де құрылымдарының басшылары қатысты.
Жиын барысында қатысушылар ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын, сондай-ақ мемлекет басшысының конституциялық реформасына байланысты ұсыныстарды әзірлеу мәселелерін талқылады.
Өз сөзінде ҚХА Төрағасының орынбасары –Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов : «Бұл Жолдау - қазақстандық бірегейлік пен бірліктің, қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың экономикалық, әлеуметтің нығаюы мен дамуының алгоритмі немесе тиімді жолы. Президент Үшінші жаңғырудың негізгі бес басымдығын айқындап берді: экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыруы, дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру, еңбек нарығын жаңғырту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту, институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес. Бұл мақсаттарға жету үшін «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» деп аталатын 2025 жылға дейінгі дамудың стратегиялық ауқымды жоспары әзірленеді», - деді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы