17 Шілде, 2017
1008
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРЫ
2017 жылғы 17 шілдеде Талдықорған қаласындағы Тілдер сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен өңірлік «Қоғамдық келісім» мекемелерінің қызметкерлеріне арналған республикалық семинары өтті.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай, Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің, «Қоғамдық келісім» КММ, БАҚ өкілдері және т.б. қатысты.
Семинарға қатысушыларға «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобаларын іске асыруға ҚХА белсенділерін тартуға, діни экстремизмға қарсы Ассамблеяның медиативті рөлін күшейтуге, ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің қызметін рухани жаңғыру мәнмәтінінде кеңейтуге және т.б. бағытталған ғылыми-әдістемелік және консультациялық қолдау көрсетілді.
«Бүгінде әр өңірдегі қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі жобаларға ҚХА-ның қатысу жоспары әзірленген. Ол 593 іс-шараны қамтиды және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша жалпыұлттық «жол қартасы» болады. Бұл құжаттардың барлығы да өңірлік ассамблеялар хатшылықтарының, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің тұрақты бақылауында болады. Мен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына арнайы тоқтағым келеді, оның маңызы зор. Мемлекет басшысы айтқандай, бұл жобаның «Ассамблеяға тікелей қатысы бар». Қоғамға халқытың 21-ғасырдағы бет-бейнесін адамгершілік тұрғыдан айқындайтын беделді тұлғалар керек», - деді өз сөзінде Дархан Мыңбай.
Сондай-ақ, семинар шеңберінде «Қазақстанның мәдени мұрасы» жобасының таныстырылымы, «Медиация – жаңа ой-сананы қалыптастыру тәсілі», «Заманауи бизнес модельдеу» тренингтері өтті.
Іс-шара барысында дәріс оқығандар: ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі, Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ профессоры Нұрбек Шаяхметов, «Новые решения» білім қорының жетекшісі Вячеслав Ким, ҚХА мүшесі, Астана қ. өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі, Рухани жаңғыру бойынша ұлттық комиссияның мүшесі, кәсіби медиатор Шерзод Пулатов, ҚХА мүшесі, Жезқазған қ. Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, меценат Бекзат Алтынбеков, Адамды кешенді дамыту академиясының жетекшісі, бизнес-тренер Вячеслав Попов.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
вчера, 11:50