07 Сәуір, 2024
293
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ
«Жүректен жүрекке» ҚХА жобасы аясында су тасқыны салдарынан зардап шеккен елді мекендерге гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі республикалық штабтың мүшелері Солтүстік Қазақстан облысына барды. Олар зардап шеккендерге қажетті гуманитарлық көмек көрсетіп, эвакуациялық орталықтарда жұмыс істеді. Сондай-ақ, ТЖД қызметкерлері мен еріктілер үшін ыстық тамақ ұйымдастырды.
ҚХА республикалық штабының басшысы, Ассамблея Төрағасының орынбасары Ақбаржон Исмаилов атап өткендей, ҚХА республикалық штабының өкілдері бірнеше күн бойы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданында болып, су тасқынына қарсы құтқару іс-шараларына қатысады.
Ақбаржон Исмаилов су тасқыны салдарын жою жөніндегі жұмысқа қатысқандардың барлығына, Ассамблеяның еріктілеріне үлкен ризашылығын білдірді, сондай-ақ аудан тұрғындарына осы қиын кезеңде бірлік пен ынтымақ танытуға шақырды.
Бүгінде ҚХА штабының мүшелері мен Ассамблея еріктілері СҚО-ның Ғабит Мүсірепов ауданы Рузаевка ауылында жүр. Олар эвакуациялық пункттерді дайындауға және жағалауды нығайту жұмыстарына, оның ішінде қауіпті аймақтардағы алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруға белсенді ат салысуда.
ҚХА мүшесі, СҚО-да көмек көрсету жөніндегі ҚХА штабының басшысы Раджабов Убайдулло көмек беруге ат салысып жатқан 300-ден астам еріктілер мен ТЖД қызметкерлеріне ыстық тамақ ұйымдастырды.
Су тасқыны басталғаннан бері Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» арнайы жобасын іске асыру қолға алынған еді. Бүгінгі таңда ҚХА мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері жалпы сомасы 253 млн теңгеден астам көмек көрсетті.
«Жастар Ассамблеясы» ұйымы, еріктілер орталықтары және ҚХА-ның белсенді мүшелері су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға мекен-жайларына дейін көмек жіберілуде.
Айта кетейік, Ассамблеяның алғашқы штабтары су тасқынынан зардап шеккен Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе және Атырау облыстарының тұрғындарына гуманитарлық жүк көліктерін жіберді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
16 Маусым, 00:02
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы