02 Шілде, 2015
1202
Қазақстан халқы достығының жыл сайынғы фестивалі аясындағы АӨСШК елдерінің қатысуымен ұлттық-мәдени орталықтарының «Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ел бірлігінің қазақстандық үлгісі: АӨСШК кеңістігіндегі «тәжірибе» форумының қорытынды құжаты
Қазақстан халқы достығының жыл сайынғы фестивалі аясындағы АӨСШК елдерінің қатысуымен ұлттық-мәдени орталықтарының «Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ел бірлігінің қазақстандық үлгісі: АӨСШК кеңістігіндегі тәжірибе» халықаралық форумына қатысушылар күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді талқылай келе, қорытындылайды:

- Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) қазіргі кезде Азияда бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты нығайту бойынша маңызды рөл атқарады;
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 1992 жылғы қазанда өткен 47-сессиясында алғаш рет жария еткен АӨСШК шақыру жөніндегі идея өзінің өзектілігі мен өміршеңдігін дәлелдеді. Сол кезден бері Қазақстан АӨСШК кеңістігінде аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, өркениеттер үндесуінде, рухани-мәдени дәстүрлерді біріктіруде көшбасшыға айналды;
- 2008 жылдан бастап Халықаралық форум халықтық өкілеттіліктің саясаттан тыс институты болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өтетінін ерекше атап өту қажет. Ассамблея АӨСШК-мен 2014 жылғы мамырда қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандум аясында жұмыс істеуде;
- Қазақстан тәжірибесі – Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ел бірлігінің үлгісі 100-ден астам этностар мен 27-ден астам ірі конфессия өкілдері татулық пен келісімде өмір сүретін елге құрмет сезімін туғызады.
Қазақстан осы Форумның күн тәртібіне Азия құрлығындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қосуға бастама жасады.
Ең алдымен, Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ел бірлігінің үлгісі жан-жақты таныстырылды. Форумға қатысушылардың Қазақстан Президентінің елді жаңғырту, атап айтқанда, ұлттық біртектілікті нығайту бойынша жаңа бастамаларына назары аударылды.
Халықаралық сарапшылардың баяндамаларында мемлекеттердің этносаралық келісімді нығайту тәжірибелеріне талдау жасалып, (Қытай, Үндістан, Ресей, Иран, Пәкістан, Бангладеш, Қырғызстан сынды мемлекеттердің) мемлекеттік этносаясаттың ұлттық үлгілерінің кейбір ерекшеліктері таныстырылды.
Форум АӨСШК елдері халықтарының мәдениетаралық ынтымақтастықты, тілектестік, достық пен өзара көмек дәстүрлерін нығайтуға септігін тигізді. Елдер, халықтар мен өркениеттердің дамуында бейбітшілік, ізгілік мұраттарына, дәстүрлер қуаты мен жаңашыл жетістіктеріне шынайы берілгендік білдіре отырып, форумға қатысушылар:
- АӨСШК елдерінің этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы өзара жан-жақты байланысын кездесулер мен кеңестер өткізу, этносаясаттың оң тәжірибелерімен алмасу арқылы нығайтуды;
- ынтымақтастықты ұйымдастыру кезінде гуманитарлық өлшемге (білім беру, ғылым, мәдениет саласындағы байланыстар) ерекше көңіл бөлуді, осы мақсатта ғалымдардың, сарапшылардың, мәдениет қайраткерлерінің: жазушылардың, суретшілердің, қолөнершілердің және т.б. өзара әрекеттестігін нығайтуды;
- АӨСШК мүше-елдерінің азаматтық қоғам институттарының, әсіресе, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының ынтымақтастығына белсенді қатысуды қамтамасыз етуді;
- АӨСШК аясындағы іс-шараларды ғылыми-сарапшылық қолдауды күшейтуді және этносаралық қатынастар саласында АӨСШК елдері сарапшыларының ғылыми-зияткерлік әлеуетін қолдануды;
- этностық мәселелер бойынша АӨСШК елдерінің сарапшылар пулын, бұдан кейін этносаралық қатынастар саласын зерттеу бойынша АӨСШК елдерінің ғылыми-зерттеу орталығын құру мүмкіндігін қарастыруды қажет деп санайды.
Форумға қатысушылар аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның белсенді рөлін мойындай отырып, АӨСШК кеңістігіндегі дәстүрлер мен мәдениеттерді жақындастырудағы Қазақстанның ұмтылысын жоғары бағалайды. АӨСШК құру бастамашылығындағы Қазақстан Президентінің аса көрнекті рөлін ескере отырып, Форумға қатысушылар ұйым статусын - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті, Азиялық үнқатысуда нақты шаралар қабылдауда оған мүмкіндіктер мен мол қарқындылық бере алатын Азиядағы қауіпсіздік және даму жөніндегі ұйым деп (АҚДҰ) қайта форматтау туралы айтқан идеясын қолдайды.
АӨСШК кеңістігіндегі мәдениет пен дәстүрлердің даму алаңы ретінде осы Форумның ұйымдастырылып, өткізілгені үшін алғыс білдіре отырып, Форумға қатысушылар Қазақстан халқын және Қазақстан Республикасының Президентін бейбітшілік, рухани даму мен келісім орталығы – Астана қаласының күнімен шын жүректен құттықтайды.
Форумға қатысушылар қазақстандықтарды, Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Назарбаевты Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен құттықтайды және Қазақстан халқына амандық пен өркендеу тілейді.
Астана қ. 2015 жылғы 2 шілде
Ұқсас жаңалықтар
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02