15 Желтоқсан, 2021
1750
«Қазақстан халқы ертегілері» атты Қазақстан этностарының халық ертегілері жинағы жарыққа шықты
Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен бірлесе іске асырылды.
Кітап мемлекеттік тілде шығарылды, 4-7 және 8-11 жастағы балаларға арналған екі томнан тұрады. «Алматыкітап баспасынан» басылып шыққан кітаптың жалпы таралымы 4000 дана (әр бөлімі 2000 дана).
«Қазақстан халқы ертегілері» жинағы ел этностарының әдеби мұрасы ретінде қазақ тілінде алғаш рет жарық көрді. Жинаққа Қазақстанның 25 ірі этносының – орыс, өзбек, корей, неміс, шешен-ингуш және т.б. этностардың 114 халық ертегісі енгізілді.
Жинаққа достықты, мейірімділікті, туған жерге деген сүйіспеншілікті, адалдықты дәріптейтін, жас жеткіншектерді ел бірлігі мен гуманизм құндылықтарына тәрбиелеуге ықпал ететін ертегілер жинақталған.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының психологиялық-педагогикалық сараптамасының қорытындысы негізінде ертегілер жинағы басылымға ұсынылды.Ертегілер жинағы мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен жалпы білім беретін мектептерге, сондай-ақ кітапханаларға таратылады.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Этносауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу модулінің ашылуы өтті
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
-
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
-
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:45
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
12 Қыркүйек, 15:55