Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Қыркүйек, 2016

952

Қазақстан халқы ұлттық тағамдарының «ТойҚазан-2016» фестивалі

2016 жылғы 4 қыркүйекте Алматыдағы «Медеу» тау мұз айдынында Қазақстан халқы ұлттық тағамдарының «Той-Қазан-2016»   фестивалі өтті. Биылғы фестиваль Алматының 1000 жылдығына арналып, Алматы қаласының әкімдігінің жәнеҚазақстан халқы  Ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырылды.

Аталған салтанатты іс-шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, алматылықтар мен қала қонақтары қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша биылғы фестивальға 5000-нан астам адам қатысқан. Келген әр адам дәмді палаудан  ауыз тиді.

Іс-шара барысында Б.Байбек «Той Қазан - 2016» фестивалінің еліміздегі түрлі этностар мен мәдениеттердің әралуандығы халық бірлігін     айшықтай түсетінінің айғағы екенін атап көрсетті.

«Біздің халқымыз әу бастан-ақ өзінің қонақжайлығымен, бауырмалдығымен ерекшеленген. «Той Қазан» – бірлік пен достықтың, келісімнің мерекесі. Мен мұндай мерекелердің көпшіліктен қолдау табатындығына сенімдімін. Алматыда 2 мыңнан астам дәмхана  мен мейрамханалар бар, олар қалалықтар мен келген туристерге түрі ас мәзірін ұсынып қана қоймай, 50 мыңнан астам адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етуде», -деді мегаполис басшысы.

Қызыққа толы бұл мәдени іс-шара сағат 11.00-ден басталып, кешкі 21.00-ге дейін созылды.

Фестиваль бағдарламасы бойынша әр тақырыпқа өз бағыты бойынша жеке аумақтар бөлінген, бұлардағы «Мейрамханалар аллеясы», этноауыл, «Кітапфест» фестивалі көпшіліктің көңілінен шықты. «Шеберлер қаласында» болғандар түрі зергерлік бұйымдарды тамашалады, «Алматы – уақыт толқынында» аумағы қала траихынан мағлұмат берсе, балаларға арналған спорт алаңы балдырғандарға толы болды.

Фестивальдің бас сахнасында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының 11 этномәдени орталықтары өнер көрсетті, сонымен бірге Қазақстан өнер шеберлері мен опера майталмандарының  концерті ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында алғаш рет «Той Қазан даусы» вокальдік конкурс ұйымдастырылып, оған қатысқан 43 конкурсант ішінен іріктелген 10 өнерпаз «Медеу» мұз айдыны сахнасында өнер көрсетті.

Қаланың үздік басаспаздары арасында өткен конкурс барысында қазақтың ұлттық тағамы – ет асуға ерекше мән беріліп, оны кімнің ерекше дайындайтындығы анықталды.

Кейін қарай