25 Сәуір, 2018
908
Қазақстан халқының достығы шетелдіктерді қайран қалдырады
Бүгiн елордада «Қазақстан азаматтарының ұлттық бiрегейлiгi: сыртқы көзқарас» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесiнiң отырысы өтті.
Орталық Азия өңiрiндегi этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшiсi, әлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Сәдуақасова отырыс аясында Германиядан келген Шығысеуропалық және халықаралық зеттеулер орталығының ғылыми қызметкерi, доктор Беате Эшментпен кездесу аясында еркін пікір алмасу ұйымдастырылды. Ерекше форматтағы кездесауге қазақстандық бiлiктi мамандар: «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Шавкат Исмаилов, «Діндерді зерттеу орталықтары қауымдастығының басшысы, исламтанушы шерзод Пулатов және Саяси зерттеулер институтының бөлім меңгерушісі Алуа Жолдыбалина қатысып, пікірлерін білдірді.
Доктор Эшмент Орталық Азия елдерiнiң демократиялану үрдiсi мен ұлттық саясатын зерттеумен, сондай-ақ Қазақстандағы бiрегейлiктiң қалыптасуы мен саны аз этностардың мүдделерiнiң ұстанылуын зерделейдi. Ол ұзақ уақыт бойы тұрақты түрде Қазақстанды зерттеп келе жатқандықтан елдi iшiнен зерттеген дұрыс деп санаған. Сондықтан, маман Қазақстанға келiп, қазiр ел тәжiрибесiмен танысып жатыр.
«Бүгінгі іс-шара Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті сессиясының алдында ұйымдастырылып отыр. Шетелдiк мамандар өз мақалалары мен сұхбаттарында Қазақстан жайлы жиi айтады. Бұқаралық ақпарат құралдарынан қарасақ, белгiлi ғалымдардың ойлары да айтылып жатады. Айта кететiнiм, Қазақстанның саясаты «Қазақстан – бiздiң ортақ үйiмiз» деген ұранға ұстаным ретiнде қарауында. Қазақстанда 1990-ншы жылдардың басында қандай жағдай болды және қазiргi таңда жағдай қандай? Салыстыруға болады. Әрине, Елбасының «Қазақстан – бәрiмiзге ортақ үй» деген тұжырымдамасының нәтижесi бар деген ой жиi айтылды. Бұл – сырт көздiң, сыртқы эксперттердiң пiкiрi. Ал сырт көзден айтылған осындай ой бiздiң елдiң саясатына, елдiң тұрақтылығына берiлген жақсы баға деп ойлаймын», – дедi Айгүл Сәдуақасова.
Дата события ассамблеи: 25.04.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті