11 Шілде, 2016
760
Қазақстан-Корей ынтымақтастық форумы
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында Қазақстан-Корея ынтымақтастығы форумы өтті.
Форумда Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Корея Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Джон Сын Мин, «KOTRA» сауда және инвестициялар жөніндегі агенттіктің директоры Джонг Уэ Ёнг, «Caspian group» АҚ басқармасының төрағасы Юрий Цхай, «Мемлекеттік-жеке серіктестіктің қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ғалымбек Мамраев, «KAZNEX INVEST» Алматы өкілдігінің директоры Сәбит Нарбаев, ҚР Кәсіпкерлердің «Атамекен» ұлттық палатасы Алматы қалалық бөлімшесі директорының орынбасары Тимур Хакимов қатысты.
Форумға қатысушылардың ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары, отандық кәсіпкерлер және Корея Республикасынан, Ресейден, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан келген шетелдік кәсіпкерлер болды.
Форум қазақстандық және оңтүстіккореялық бизнесмендер, басқа елдерден келген серіктестер үшін инвестициялар тарту, қолайлы бизнес-орта құру, әкімшілік кедергілерді жою және басқа мәселелер талқыланатын диалог алаңына айналды.
Алғысөзді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов пен Алматы қаласындағы ҚР СІМ өкілдігінің басшысы А. Дандыбаев сөйледі.
Сонымен қатар, «Корея Республикасының орта және шағын бизнес корпорациясы» өкілдігінің директоры Ли Бёнгха, «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Г. Мамраев, Қырғызтаннан келген кәсіпкер Г. Син, Ресейден келген кәсіпкер А. Пак, Өзбекстаннан келген кәсіпкер В. Кан баяндама жасады.
Астана қаласында өтетін «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне инвестиция тартуға арналған бейне материал көрсетіліп, арнайы фильмнің тұсаукесері болды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының Стратегиялық даму мәселелері бойынша кеңесшісі Е. Ан Қазақстан мен Корея Республикасының ортақ жобалары жөнінде айтып берді.
Сонымен қатар, ынтымақтастық форумы барысында Қазақстан кәрістері қауымдастығы мен Корея Республикасының өзара іс-қимыл жасауы мысалында, этномәдени бірлестіктердің Қазақстан мен этностардың тарихи отаны болып табылатын елдер арасындағы халықтық дипломатия тетігі ретіндегі рөлі қаралды.
Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестік мен Шетелдегі кәрістерге көмек көрсету қоры ұйымдастырды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті