29 Қыркүйек, 2015
2945
Қазақстан магниткасы – Теміртау
«Ұлы Дала Елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясының эстафетасы Теміртау қаласына келді. Ең алдымен, экспедиция мүшелері Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығында болып, Елбасының балалық шағынан елінің қалаулы тұлғасы болып қалыптасқанға дейінгі қызықты деректермен танысты, сондай-ақ, арнайы макеттермен құрастырылған Теміртау қаласының өндірістік көрінісін тамашалады.

Экскурсия аяқталған соң экспедиция мүшелерімен танысу мақсатында қалалық мәслихат хатшысы Василий Спиридов, облыстық Ассамблея хатшылығының басшысы Ерлан Құсайын, сондай-ақ, Мемлекет басшысымен қызметтес болған ақсақалдар, журналистер мен қала тұрғындары қатысқан баспасөз конференциясы өтті.
Василий Спиридов өз сөзінде экспедиция мүшелеріне жүктелген жауапты жұмыста сәттілік тілеп, жылы ықыласын білдірді. Қала жұртшылығы атынан сый-сыяпатты та табыстады. «Ұлы Дала Елі» экспедициясы мүшелерінің төрағасы Нұрбек Шаяхметов өз кезегінде қала тұрғындары мен басшылығына алғысын айтып, аталмыш сапардың Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылғанын баса айтты. Қостанай-Торғай, Жезқазған-Ұлытау өңірлерін аралап, еліміздің түкпір-түкпіріндегі тарихи құндылықтардың баға жетпес байлығы екенін тарих ғылымдарының докторы ретінде ерекше бағалайтынын атап өтті.
Келесі кездесу Қарағанды қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ұйымдастырылды. Бұл жиынға жоғарғы оқу орындарының студенттері мен ғалымдары атсалысты. Мәңгілік мемлекетіміздің мерейлі болашағы – жастар өз ойларымен ашық бөлісіп, салиқалы тақырыптарды ортаға салды. Әсерлі әңгіме Қазақ хандығының құрылу тарихы, Ассамблея қызметі, Қазақ хандығының құрылу тарихы, Қазақстан халқы Ассамблеясы рөлінің мәні мен маңыздылығы аясында қызу өрбіді.
Киелі Сарыарқаның дархан даласын аралап өткен «Ұлы Дала Елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы облыс орталығында қорытындыланды. Экспедиция мүшелерінің айтуынша, алған әсерлері бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Еліміздегі ең үлкен облыстың экспедицияға ашқан жаңалығы аз емес. Тарихи жәдігерлер мен құндылықтарымызды насихаттау арқылы қазақстандық біртектілікті нығайту мақсаты әрі қарай жалғасын табатыны сөзсіз.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: kelisim@bk.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29