15 Қараша, 2018
1508
Қазақстан мен Өзбекстанның қарым-қатынасын айқындайтын «Бауырлас ел» деректі фильмінің тұсаукесері өтті
Шымкент қаласында Қазақстандағы Өзбекстан жылына орай ҚР президентінің телерадиокешені дайындаған «Бауырлас ел» деректі фильмінің салтанатты тұсаукесері өтті.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбековтың идеясымен түсірілген 20 минуттық деректі фильмде түбі бір туысқан қазақ-өзбек халықтарының бауырластыққа негізделген тарихи қарым-қатынасы, тамыры тереңге бойлайтын бекем байланыстардың тәуелсіздік жылдарындағы жаңа деңгейі баяндалады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтың кездесулері кезінде қол жеткізілген уағдаластықтар, бауырлас елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа кезеңі көрсетілді.
Салтанатты шараға Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев қатысты.
2018 жыл Қазақстанда Өзбекстан жылы деп жарияланды. Өзбекстанда Қазақстан жылын да өткізу күн тәртібінде тұр. Бауырлас халықтардың жақындастығын одан әрі тереңдетуге септігін тигізетін бұл бастамаға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Өзбекстан Республикасы Интернационалдық мәдени орталығы өз үлесін қосып келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Достық керуені» жобасы қолға алынып, қазақстандықтар Өзбекстанға бірнеше рет саяхаттап барды. Достық ниеттегі өзбекстандық делегаттар да еліміздің тарихи орындарына саяхаттар ұйымдастырды.
Айта кету керек, бүгінде Өзбекстанда 800 мыңнан астам қандасымыз тұрады. Ал Қазақстандағы өзбек этносы өкілдерінің саны 550 мыңға жуықтайды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті