Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Қараша, 2015

1308

Қазақстан немістері

2015 жылғы 18 қараша Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Қазақстан немістері» жылжымалы көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. 

2015 жылғы 18 қараша Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Қазақстан немістері» жылжымалы көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Көрме «Возрождение» Қазақстан немістері қоғамдық бірлестігінің Ассоциациясының бастамасымен республика көлемінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай өткізілуде.

Аталмыш іс-шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Ерлан Құсайын, облыстық «Видергебурт» Неміс орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдары және қала тұрғындары қатысты. Қарағанды қаласы «Видергебурт» неміс орталығының жас өкілі Артур Таберт Құрманғазының «Балбырауын», Дина Нұрпейісованың бірнеше күйлерін орындап, көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленді.

 

«Қазақстан немістері» көрмесі экспозициясы мұрағат құжаттарының көшірмесі және иллюстрациялар ілінген бес стендтен тұрады. Олардың әрқайсысында қазақ еліне жер аударылған немістердің тарихы жайлы қызықты ақпараттар жинақталған.

Волга өңірінде астықтың шықпай, аштық басталуының салдарынан 1891-1892 жылдары неміс шаруалары Қазақстанға жер аударылды. Дүниежүзілік соғыс кезінде елімізге КСРО еуропалық бөлігі мен Кавказиядан жер аударылған немістердің саны 444 мыңға жетті. Он мыңдаған неміс өкілдері еңбек армиясына тартылып, көмір, металлургия өндірісіне және құрылыс саласында жөнелтілді.

Немістердің ақталуы өткен ғасырдың 60 жылдары жүзеге аса басады. Сол жылдары Қазақстанда неміс тілінде газеттер жарыққа шыға бастады, радио мен театр құрылды. Сонымен бірге, немістердің өз тарихи отанына көшу көрсеткіші де бірден жоғарылады. 1989 жылы Қазақстандағы немістердің саны 957 518 көрсетсе, 2014 жылы 181 928 жеткен.

Ұлттық біртектілікті сақтап, неміс халқы тілін, мәдениетін дамыту, Қазақстан халқы Ассамблеясы бастамаларын жүзеге асыру, этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайтуға атсалысу – Қазақстан немістері қоғамдық бірлестіктері Ассоциациясының негізгі міндеті болып табылады.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

тел., WhatsApp: +77024190203

e-mail: kelisim@bk.ru

Кейін қарай