Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Қазан, 2018

1414

Қазақстан Президентінің Жолдауына байланысты ҚХА Кеңейтілген отырысы өтті

6 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 5 қазан күні «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауындағы міндеттерді іске асырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының орны мен рөлі тақырыбында ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Кеңес отырысын ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Л. Прокопенко ашты.

«Елбасының Жолдауын жүзеге асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының басты міндеті – бейбітшілік пен келісім тұрақтылығын қамтамасыз ету. Өйткені жаңа Жолдаудың ерекшелігі – қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін және сапасын арттыруға нақты бағытталған.

Жолдаудың басты басымдығы – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру. Жалпы Жолдаудың ерекше мән беретін бірқатар ерекшеліктерін атап өткен жөн.

Біріншіден, ең алдымен басымдықтарды орналастыруға назар аудару қажет. Екіншіден, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге, яғни, 28-ден 42 мың теңгеге дейін көтеру, сондай-ақ ең төменгі жалақыны ең төменгі күнкөріс деңгейіне теңемеу – маңызды әлеуметтік инновация болып табылады.

2025 жылға дейін Бизнестің жол картасы жалғасады. Бұл 3 жыл ішінде қосымша 22 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

ТКШ және табиғи монополиялар қызметтерінің тарифтеріне тәртіп орнату бойынша шешуші шаралар қабылданатын болады.

Президент ұсынған басқа шаралармен қатар, мұның барлығы халықтың табысының өсуіне ықпал етуге бағытталған.

Үшіншіден, өмір сүру сапасын жақсарту бойынша нақты шаралар ұсынылды.

Олар білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй, әрбір қазақстандық отбасының жайлы және қауіпсіз өмір сүру мәселелеріне қатысты.

Атап айтқанда, 5 жыл ішінде барлық қаржы көздерінен білім беру, ғылым және денсаулық сақтау шығындарын ЖІӨ-нің 10 % - ға дейін жеткізу міндеті тұр. Осылайша, осы параметрлер бойынша біз ЭЫДҰ елдеріне жақындап келеміз.

Мен мемлекет басшысының келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеу және қабылдау туралы тапсырмасына ерекше тоқталғым келеді. Бұл – үлкен әлеуметтік маңызы бар оқиға, өйткені мұғалім еліміздің адами капиталын қалыптастырудағы басты тұлға, қоғамдық сананы жаңғырту және экономикалық жаңғырту бағаналарының бірі болып табылады.

Бұл қадам Ұстаздар күні қарсаңында тікелей қолға алынғаны өте жақсы болды. Мен шын жүректен ҚХА кеңесінің атынан еліміздің барлық педагогтарын осы тамаша сыйлықпен құттықтаймын!», – деді Л. Прокопенко.

Кеңестің мүшесі, Қарағанды облысы бойынша ҚХА төрағасының орынбасары Бекзат Алтынбеков: «Президенттің кешегі Қазақстан халқына Жолдауы үлкен тарихи құжат. Ол 2019 жылы Қазақстан халқының алдына қандай мақсат қою керек деген мәселенің шешімін табу жолдарын айқындайтын құжатпен таныстырды. Елбасы халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына әрдайым көңіл бөліп, оны жақсарту бағытын ұсынып отыратыны көңіл қуантады. Жалпы осы Жолдауда айтылған әрбір ой мен тапсырма қазақстандықтардың бақытты өмір сүруіне бағытталған.  

Мені әсіресе ұстаздар туралы айтқаны қатты әсерлендірді. Жиырма жеті жыл бойы ұстаздар қауымының ойында жүрген мәселе ауқымды талқыланды. Яғни, келесі жылы Үкіметке мұғалімдердің мәртебесі жөнінде заң жобасын жасау тапсырылды. Жалпы арнайы заңмен мұғалімдердің тұлғалық мәртебесі анықталуы, білім беру саласында үлкен өзгерістер алып келеді. Онда мұғалімге деген құрмет артып, олардың өз кәсібіне жауапкершілігі күшейетіні ақиқат.

Сонымен қатар балабақша мәселесі көтерілді. Қазіргі уақытта Қазақстанда 95 % мектеп жасына дейінгі бала балабақшамен қамтамасыз етілген. Ал енді сол балабақшаның қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы мен жалақы мөлшері қандай деген сұраққа келетін болсақ, балабақша тәрбиешісінің жалақысы 49 мың теңге құрайды. Сондықтан жалақыны қайта қарап, оның орташа мөлшерін көтеру – педагогтардың жұмысқа деген ынтасын көтеру деген  сөз. Ұлт болашағы – ұрпақты тәрбиелеуде еңбек етіп жүрген педагогтардың қадірін арттырсақ, қазақ халқының қадірі де артады.

Кәсіпкер ретінде Елбасының кәсіпкерлердің әлеуметтік жуапкершілігін арттыру керек дегеніне байланысты, елдің ішінде кәсіпкерлер барлық саланы қамти отырып, ғимараттарды салуға, оның сапасына көңіл бөлуге жауапкершілік алуы керек дегім келеді.

Бұған дейінгі Жолдаулардағы айтылған басымдықтардың шешуші қадамы айқындалған осы жолғы Жолдау айрықша», – деп пікір білдірді.

Отырыс аясында Л. Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының профессоры, ҚХА мүшесі Наталья Калашникова Елбасы Жолдауын ести отырып, үлкен әсерге қалғанын, Жолдаудың әрбір жолы халықтың өмір сүру сапасы мәселелерін шешудегі сенімділік пен нақтылыққа толы екенін айтып өтті.

«Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері туралы» Жолдау, Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы, қазіргі Жолдау – адам өмірінің барлық жақтарын жақсартуға бағытталған. Бұл Жолдау бұрынғыдан өзгеше, залда Президенттің нақты тапсырмаларын орындаушылар, идеяларын іске асырушылар «диалогта» болды. Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың рөлін және олардың қызметін жаңғыртуды белгілі бір орынға қоюды талап етті. Яғни, мемлекеттік органдардың жұмысын бағалау критерийлері өзгереді.

ҚХА-ның осы Жолдауды жүзеге асыруға ұсынатын мүмкіндіктерімен бөліскім келеді.

Бірінші, жаңа оқу жылы жоо-да магистранттар мен докторанттардың ғылыми әлеуетін дайындауға гранттардың артуымен ерекшеленді. Жоғары оқу орындарының барлық мамандықтары бойынша, ең алдымен, ұлттың креативті ойлауы мен рухани жаңаруына бағытталған. Президенттің идеялары мен жоспарларын ғылыми негізделген платформада іске асыруға одан әрі қатысу үшін жастардың мемлекеттік саясат саласындағы ғылыми білімдермен «өсуін» қоғамдық саясатта барынша қолдау қажет.

Екінші, Президенттің тапсырмасы бойынша этносаралық үдерістердің ғылыми және сараптамалық мониторингі мақсатында өз уақытында ҚХА ҒСК құрылды. 10 жылдық қызметінде ҒСК отандық этносаясатқа жаңа қырлар әкелді. Кафедраларда пәнаралық және еларалық ғылыми байланыстарды қалыптастыра отырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін жасағаны отандық және шетелдік ғалымдардың тереңдетілген ғылыми зерттеулері мен жобаларының объектісі болып табылды.

Үшінші, этномәдени орталықтардың ғылыми әлеуеті. Бұл барынша дамытуды қажет ететін маңызды ресурс. Мысалы, қазақстандық кәрістердің ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми тәжірибесі қызықтырады, түріктердің туризм саласындағы ірі ғылыми кластерлері, ингуштардың геологиядағы, немістердің өндірістің инновациялық технологияларындағы жетістіктерін насихаттау керек.

Жолдауды іске асыру аясында біз ҚХА-ның ғылыми әлеуетін жинақтап, қоғамға жаңа және жинақталған ғылыми әзірлемелерді ұсына аламыз, деректер банкін құрып немесе қазақстандық этностардың ғылыми әзірлемелеріне талдау, оларды сынақтан өткізу және қазіргі заманғы жағдайларға нәтижелілік жүргізе аламыз. Бұл біздің нақты үлесіміз, қазақстандықтардың әл-ауқатына ғылыми қолдау болады.

Президент атап өткендей, қоғамды ортақ мақсаттар төңірегінде топтастыру әрбір қазақстандықтың қамқорлығына айналуы тиіс.  Бұл жерде ғылыми трендтерді енгізумен адам капиталын жақсартуға бағытталған ҚХА біріктіруші рөлі айтарлықтай артады», – деді спикер.

Кеңестің соңында ҚХА Үндеуі жарияланды. Онда Ассамблеяның тарапынан Жолдауды жүзеге асыруға байланысты нақты қадамдар жарияланған.

Нұргүл Шатекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

 

 

 

Дата события ассамблеи: 06.10.2018

Кейін қарай