Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Тамыз, 2015

1098

Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл

Қазақстан Республикасы Конституциясы күні – біздің еліміздің әрбір азаматы үшін маңызды мереке. Конституция күні қарсаңында, 29 тамыз күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында кешенді іс-шара өтті.

Қазақстан Республикасы Конституциясы күні – біздің еліміздің әрбір азаматы үшін маңызды мереке. Конституция күні қарсаңында, 29 тамыз күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында кешенді іс-шара өтті.

«Қоғамдық келісім мен ұлт бірлігінің қазақстандық үлгісі» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге ҚХА, ҒСТ мүшелері, ЭМБ төрағалары мен белсенділері, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушыларды Достық үйінің директоры Э. Төлеубеков құттықтап, бұл мерекенің Қазақстан халқының бірлігі үшін маңызы зор екенін айтып өтті. Бұдан кейін Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды. Дөңгелек үстел барысында ШҚО тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі – Т.Н. Құсайынов, ҚХА ҒСТ мүшесі – Л.В. Столярова, ҚХА мүшесі Л.Б. Шик баяндама жасады. Олар өз баяндамаларында тарихи мәліметтерге сүйене отырып, ҚР азаматтарының өміріндегі Конституцияның рөлі туралы айтып өтті. Дөңгелек үстел отырысынан соң концерт залында Қазақстан Республикасы Ассамблеясының мерейтойлық медалімен ЭМБ белсенді төрағалары мен мүшелері, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдері марапатталды. Мерекелік іс-шара Достық үйінің көркемөнерпаздар ұжымдарының дайындаған концертімен аяқталды.

Кейін қарай