
29 Қаңтар, 2018
1237
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНДЕГІ ҚХА ДЕПУТАТТЫҚ ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ
2018 жылғы 29 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының «Тәуелсіздік дәуірі» – біздің заманымыздың шежіресі» деген күн тәртібімен Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын талқылауға арналған отырысы өтті.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Д.Қ. Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.К. Божко, Мәжіліс депутаттары – ҚР Парламенті Мәжілісіндегі ҚХА депутаттық тобының мүшелері, сондай-ақ басқа да депутаттар қатысты.
Отырысты Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының жетекшісі С.А. Абдрахманов жүргізіп отырды.
Д.Қ. Мыңбай өзінің кіріспе сөзінде жаңа туындыда баяндалғанның желісінен қол жеткен жетістіктерге қанағаттанып, тоқмейілсуге ешқашан да болмайтынын аңғару қиын еместігін айта келіп, Елбасының қазақстандықтардың алдына жыл сайын жаңа міндеттер қойып, бір биіктен соң келесі биікті бағындыруға жетелеп отыруының астары – мәңгілік қозғалыс, үздіксіз даму философиясын көрсететініне тоқталды.
Еліміз Президент Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен мемлекетті, қоғамды, экономиканы ең ауқымды, үшінші жаңғыртуға кіріскенін тілге тиек ете отырып, ҚХА Төрағасының орынбасары Мемлекет басшысы біздің әлеуметтік-экономикалық табыстарға қол жеткізуіміз «басты құндылықтарымыз ретінде қала беретін азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтауымыздың» арқасында екендігін ерекше атап көрсеткеніне назар аудартты.
Бұл сөзіне орай Хатшылық меңгерушісі Елбасының өзі құрған Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігін сақтау бағытында жаңа Конституцияны қабылдау және Президенттің өкілеттігін 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзарту бойынша референдумдарға бастамашылық жасағаны, cолардың негізінде бұл жылдарда тіл, азаматтық бірегейлік, мәдениет саласында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісінің негізі қаланғаны кітапта жүйелі жазылғанына нақты мысалдар келтірді.
Күн тәртібіндегі мәселені талқылауға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қ.С. Сұлтанов, А.Б.Тасболатов, А.П. Рау, М.М. Магеррамов, Н.В. Жұмаділдаева, Ш.У. Нурумов, А.С. Мурадов, Ш.Х.Хахазов, Г.Г. Шиповских қатысты.
Айталық, Қ.Сұлтанов мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы мәселе кітапта бірнеше сөйлеммен берілсе де, оның ар жағында орасан ауқымды жұмыс жүргізілгенін еске алды. Ал А.С.Мурадов өз сөзінде «Біз жолы болған ұрпақпыз, бәрін көзімізбен көрдік, құрдық және нығайттық. Ендігі сәтте келер ұрпақтың міндеті – Тәуелсіз Қазақстанның туын биік ұстап, ғасырдан ғасырға алып өту. Осы жолда не істеуіміз керектігі Нұрсұлтан Әбішұлы кітабында кеңінен баяндаған» деп атап көрсетсе, Ш.Нурумов «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын басқа тілдерге аудару қажеттігін алға тартты.
Отырыста Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі кітабы» туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.К. Божко: «Мен адамдармен кездескенде, теледидар көріп отырғанда: «Президенттің Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында және мемлекет құрудың барлық кезеңінде танытқан алып күш-қуатының сыры неде?» деген ойға қаламын. Мұның бәріне жауапты Мемлекет басшысының жаңа кітабынан тағы да тауып отырмын», - деді.
Жиын барысында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің жаңа тарихындағы және болашағындағы рөлі, егемен мемлекет пен отандық парламентаризмді құрудың негізгі кезеңдері, жаңғырту мәселелері, қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірліктің «қазақстандық моделін» жетілдірудегі өзекті мәселелер, оның дамуы мен эволюциясы, негізгі қағидаттары, тетіктері, қозғаушы күштері және тағы да басқа мәселелер талқыланды.
Дата события ассамблеи: 29.01.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Павлодар облысы
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Павлодар облысы