Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Ақпан, 2017

915

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері өкілдерімен және құрылымдық бөлімшелерімен кездесуі

2017 жылдың 7 ақпан күні Орал қаласының Ассамблея үйінде Батыс Қазақстан облысының әкімі А.С.Көлгіновтің Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын тісіндіру мақсатында кездесу өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Сенат Мәжілісінің депуттары Б.С.Әйтімова, Р.С.Ахметов, Е.Р.Мұқаев, және ҚР Парламент Мәжілісінің депуттары А.С.Мурадов, Б.Т.Кесебаева, сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары М.Тоқжанов,  БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылықтың меңгерушісі Ғ.Қапақов және Ассамблеяның құрамындағы қоғамдық келісім, ақсақалдар мен аналар кеңестері, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ҚХА кафедрасы және ғылыми-экспертік тобының мүшелері, облыстық мәслихат жанындағы «Ыңтымақ» депуттатық тобы, журналистер клубы және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу  барысында қатысушылар Жолдауды толық қолдайтынын айтып, оның маңыздылығын және осындай мықты игі іс-шаралар арқылы еліміздің тағы да әлемдік деңгейде мәртебесе ұлғайды деген пікірлер білдірді.

Өңір басшысы ҚХА мүшелерін Қазақстан халқының бірегейлігін сақтау, қоғамдық келісімді нығайту ісіндегі жемісті жұмыстары үшін алғыс айтты. Президент Жолдауы бойынша әкім алда тұрған жаңғыру аясында мектептегі білім беру, агроөнеркәсіптік сектор жетілдірілетін айтты. Оның ішінде, 200 мектеп жоғары жылдамдықтағы интернет жүйесімен жабдықталады. Бизнесті дамытуға бюджеттен 16 млн. теңге бөлінді.

Алда тұрған реформаны талқылауға парламентарийлер қатысты. Осылайша, Парламент Сенатының депутаты Рашид Ахметов халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеті қойылғандығын, соның ішінде өңір дамуына шетелдік инвесторларды тарту қажеттілігін атап өтті. Мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін жұмылуға шақыра отырып, сенатор Елбасының қойған міндеттерінің сәтті орындалатындығына сенімді екендігін айтты.

«Елді дамыту мақсатында әртүрлі механизмдер қолданылады, демократизация бұл дамыған отыз елдің қатарына кіру жолындағы кезекті кезеңі. Өкілеттіктердің бір бөлігінің Президенттен Парламентке өтуімен бірге тұрғындардың ел болашағы үшін жауапкершіліктері күшейеді. Бұл азаматтық қоғамның даму жолы», - деді Бірғаным Әйтімова. 

Кейін қарай