04 Желтоқсан, 2016
775
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын
2016 жылғы 3 желтоқсанда Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэр, ҚХА, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Целиноград ауданының басшылығы, ауыл тұрғындары қатысты.
Қонақтарға Родина ауылы, сонымен қатар сүт зауыты мен кешені бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
«Қазақстанның ауылы осындай үлкен деңгейге көтерілді. Ол нақты әлеуметтік мәселенің экономикалық сұрақтардың қатар шешілгендігі. Тәуелсіздік бірлікте, экономикалық сұрақтардан, тәуелсіздік әлеуметтік сұрақтарды шешумен тікелей байланысты. Ең негізгі байлығымыз халықтың жағдайы. Олай болса, осы ауылда шешілген нақты сұрақтардың барлығы тәуелсіздікпен тікелей байланысты. Бұл Елбасының нақты саясатының жергілікті жерде алыстағы ауылдарымызға жеткендігінің көрінісі. Тәуелсіздігіміздің жемісі мен жеңісін көріп отырмыз»,- деді өз сөзінде Ералы Тоғжанов.
Іс-шара барысында №33 орта мектебінде аудандағы ең алғашқы робототехника кабинетінің ашылу салтанаты өтіп, «Менің Қазақстаным» атты флэш-моб ұйымдастырылды.
Сондай-ақ Родина ауылының мәдениет үйінде салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтті.
Жиын аясында этносаралық қатынас пен бірлікті нығайтуға, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлес қосқан ауыл тұрғындары Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Целиноград ауданының алғыс хаттарымен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
вчера, 15:38