Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Желтоқсан, 2015

940

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында Ақтау қаласы ішкі істер басқармасымен бірлесіп, ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай көлік жүргізушілеріне арналған іс-шара өткізді. Мақсат – тұрғындарды тәуелсіздік күнімен құттықтау, сондай-ақ, адамдарды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа шақырып, халықтар арасындағы достықты нығайту. «Біз мұндай іс-шараларды жыл сайын өткіземіз, - дейді полиция капитаны Ян Садыкин. «Біз бүгін ҚР Тәуелсіздік күніне орай көлік жүргізушілеріне арналған акция өткіздік. Біз үшін ең бастысы адамдардың өмірінің қауіпсіздігі мен жолдағы тыныштық. Барша қазақстандықтарды осы іс-шарамен құттықтай отырып, жолда абай болуларыңызды тілеймін», - деді ол.

Іс-шара сағат 11-ші шағын аудан мен 14-ші шағын аудан аралығындағы жол қиылысынан бастау алды. Ұйымдастырушылар акция аясында көлік жүргізушілеріне Елбасы Жолдауы жазылған буклет пен күнтізбе, қойын дәптер және қаламсабы бар сыйлық қалтасын ұсынып, жүргізушілердің мәшинелеріне 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне арналған ақпараттық қағазын жабыстырып берді. «Біздің мақсат – қала тұрғындарының патриоттық сезімін ояту, - дейді Маңғыстау облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Амангүл Джайлханова. «Баршаңызға мәлім биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы. Осыған орай, көптеген іс-шаралар легі өткізілуде. Бүгінгі шарамыз – солардың бірі, ол Тәуелсіздік күніне орай  арнайы ұйымдастырылып отыр. Баршаңызды арманымыздың асқары, бақытымыздың бастауы болған ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын».

Іс-шара барысында акцияға белсенді қатысқан көлік жүргізушілер жүрекжарды ақ тілектерін жеткізді. Солардың бірі, Айдын Шахмурадов. «40 жылдан аса темір тұлпарды тізгіндеп жүрмін. Бірақ мұндай акцияға бірінші рет қатысып отырмын. Шынымды айтсам мұндайды күтпедім. Мен үшін кішігірім тосын сый болды. Маңғыстаулықтарды, барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. Кең-байтақ Қазақстанымыз аман болып, жұртымыз тыныш болсын», деді ол.  

Ойламаған жерден мынадай акцияға қатысқаныма қуанышымын, дейді Құдайберген Төреханов. «Күтпеген жерден болғасын басында кішкене қобалжып қалдым. 20 жылдан аса көлік жүргізіп жүрмін. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын. Мерекелік көңіл-күй сыйлағандары үшін ұйымдастырушыларға алғысым шексіз», деді Қ.Төреханов.

МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай