Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Желтоқсан, 2016

1174

Қазақстан Республикасы Тәуесліздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан қайырымгерлерінің «Қайырымдылық керуені» ІІ Форумы

Қазақстан халқы Ассамблеясы 2016 жылғы 9 желтоқсанда  «Пекин Палас» қонақ үйінде Қазақстан қайырымгерлерінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  «Қайырымдылық керуені» ІІ Форумын өткізді.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қайырымгерлер, меценаттар, ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени және діни бірлестіктердің, қорлар мен ұлттық компаниялардың  өкілдері, шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, жастар, өңірлердің делегациялары мен БАҚ қатысты.

«Мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау, көмек көрсету – бұл барлық ұлтқа тән асыл қасиет. Кез-келген этностың дүниетанымына, мәдениетіне үңілсек, тұнып тұрған ізгілікті көреміз. Себебі қайрымдылық жасау – жалпы адамзаттық құндылық», - деді өз сөзінде Ералы Тоғжанов. 

                                                                 

Іс-шара барысында қайырымдылықты дамытуға қосқан үлесі және мұқтаж жандарға көрсеткен көмегі үшін қайырымгерлерді салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.    

 

Форум соңында іс-шаралары  келесі жыл бойы жүргізілетін ҚХА-ның «Қайырымды Ел - 2017» жалпыұлттық акциясының басталғаны жария етілді.

Сонымен қатар іс-шара аясында «Көз қуантқан бірегей туындылар» қайырымдылық көрмесі ұйымдастырылды.

Кейін қарай