Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Тамыз, 2015

865

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында достық үйінің баспасөз залында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: жастар және құқық» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Қазіргі кезде бұл тақырып аса көкейтесті болып отыр, оның себебі 2015 жыл - Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығы.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында достық үйінің баспасөз залында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: жастар және құқық» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Қазіргі кезде бұл тақырып аса көкейтесті болып отыр, оның себебі 2015 жыл - Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығы.

Дөңгелек үстелге Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов «Қазақстан Республикасы Конституциясының қоғамдағы келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы» тақырыбына, «Азаматтық бастамалар орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әсемгүл Есқожа «Қазақстандық отансүйгіштік – Солтүстік Қазақстан жастарының негізін қалаушы қағида» тақырыбына, «Святая Троица» рим-католик шіркеуінің тәлімгері  Бугара Кшиштоф Ян «О реализации права на свободу совести в Республике Казахстан» тақырыбына баяндама жасады. Дөңгелек үстелге облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, жастар ұйымдары, руханият өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, БАҚ  қатысты.

Аталмыш тақырыпты талқыға салу солтүстік қазақстандықтар тарапынан ел тағдырына немқұрайлылық танытпаудың үлгісі болды. Дөңгелек үстелдің әр қатысушысы Қазақстан Республикасы Конституциясының еліміздегі негізгі Заң ретінде маңыздылығына және қажеттілігіне қатысты өз ойларын білдірді. Біз үшін бұл Заң – әрбір азаматтың құқығы мен бостандығының сақталуының нышаны және кепілі, еліміздің тұрақты дамуының және әлемдік кеңістікте нық тұруының кепілі болып саналады.

Осы күні «Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы» естелік белгісімен этномәдени бірлестіктердің сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарының белсенді өкілдері марапатталды. Естелік белгі марапатын иеленгендер Амир Баязитов, Чингиз Курбанов, Галина Кузьмина, Диляра Хасанова, Ануш Цуцулян, Светлана Малхасян, Светлана Макаровская. Бұлар өз этномәдени бірлестіктерімен қатар облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне де өз үлестерін қосып келеді.

Кейін қарай