Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Тамыз, 2015

1331

Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл

Ақтау қаласындағы № 6656 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған №6656 әскери бөлімінің сарбаздары, қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облыстық хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Джайлханова Амангүл Әбдіғалиқызы қатысты.

Ақтау қаласындағы № 6656 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған №6656 әскери бөлімінің сарбаздары, қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облыстық хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Джайлханова Амангүл Әбдіғалиқызы қатысты.

Іс-шара барысында қатысушы қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, мерекенің маңызына тоқталды. Ал, сарбаздар қатысушыларға патриоттық, отансүйгіштік тақырыпта ән мен жырдан шашу шашты.

Салтанатты іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы №6656 әскери бөлімінің командирі, подполковник Казенов Хамит Нұрмұхамбетұлы сөз сөйлеп, қатысушыларды атаулы мерекемен құттықтады. «Қазақстан Республикасының Конституциясы –  еліміздің Ата заңы. Конституция барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Өз Отанын танып, сүйіп, оның заңдарына бағыну – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы»,- деп қорытындылады сөзін ол.

Содан соң, құттықтау сөзін «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Амангүл Джайлханова алды. «Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын ең жоғары мемлекеттік заң. Оны білу және құрметтеу әр адамның азаматтық парызы деп білемін. Баршаңызға бақ-береке мен отбасыларыңызға амандық тілеймін. Тәуелсіз еліміз үшін қосқан үлестеріңіз арта берсін, еңбектеріңіз жемісті болсын. Қазақ еліміз көркейе берсін», деді ол.

Шара соңында №6656 әскери бөлімінің командирі, подполковник Казенов Хамит Нұрмұхамбетұлы әскери бөлімдегі үздік қызметкерлер мен сарбаздарды ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған арнайы хатпен марапаттады. Содан соң, №6656 әскери бөлімінің қызметкерлері мен сарбаздары «Елімнің жүрегі - Астана», «Қазақ елі», «Жаса, қазағым» әндерін әуелете орындап, домбырадан күй төгілтті.

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай