20 Қазан, 2015
831
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді
2015 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді.
2015 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді.
Г.Н.Әбдіқалықова жұмыс сапары аясында «Жезқазған – Петропавл» автокөлік жол бөлігін қайта жаңарту жұмыстарымен танысты.
Одан кейін ол мұз аренасы және жеңіл атлетика алаңы бар спорт сарайының салтанатты ашылуына қатысты
Сағат 10-да облыстық Н. Погодин атындағы орыс драма театрында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Е.Л. Тоғжанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Е.Х. Сұлтанов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі А.А. Башмаков, сонымен қатар, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары, мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Н.К. Салимов, М.Жұмабаев ауданының әкімі А.А. Бегманов, әзірбайжан мәдениет орталығының төрағасы Т.И. Гусейнов, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның «Ынтымақ» этномәдени бірлестігінің басшысы Л.В. Емельянова, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 2 курс студенті, «Қазақстан күрдтер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жастар қанаты мүшесі Н.Р. Надиров сөз сөйледі.
Кеңестің кеңейтілген отырысы барысында аймақтық Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы мәселелер қарастырылды, облыстық және аудандық этномәдени бірлестіктердің өзекті мәселелері шешілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова сөйлеген сөзінде: «Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Қазақстан халқы Ассамблеясының жылында алға қойылған міндеттерді орындауда, «100 қадам» ұлт жоспарын іске асыру бойынша, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеяны ілгерілетуде елімізде лайықты орын алады. Солтүстікқазақстандықтар Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясындағы іс-шараларды жоғары деңгейде өткізді. Облыста миллионға жуық адамдардың қатысуымен 10 мыңнан астам әр түрлі акциялар және жобалар ұйымдастырылды», - деді.
Бүгінгі күні, облысымыздың аумағында 151 этномәдени бірлестік жұмыс жасауда: оның 24 - облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының құрамына кіреді, 127 - аудандық этномәдени орталықтар.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын мерекелеуге байланысты жаңа этномәдени қоғамдарды құру оң үрдіс алды, өйткені, халық осы орталықтардың қызметін, олардың маңыздылығын ұғынуда.
Этномәдени бірлестіктер өңірде бейбітшілік пен келісімді сақтау бойынша жұмыс жүргізуде. Солтүстік Қазақстан облысында тұратын этностық топтардың тарихын, мәдениетін, тілін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу арқылы қазақстандық патриотизмін, азаматтық сәйкестілік нығайтуға үлес қосуда. Этномәдени орталықтар қоғам мен мемлекет үшін тиімді диалог алаңын құрып, олар мемлекеттік саясаттың белсенді жетекшілері болып табылады.
Облыстың белсенді этномәдени бірлестіктерінің бірі Л.В. Емельянова басшылық етіп отырған Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның «Ынтымақ» этномәдени бірлестігі.
«Біз еліміздің ең астықты облысында өмір сүреміз, біздің кең байтақ даламызда тамаша өнім өсуде, ол – алтын бидай.
Ол бір дәнді, бір дәнге қосып, барлық ұлтты күшті, тұрақты, шашылмайтын бір түпке жинаған шашақ болып өседі. Ал егер барлық бидай шашағын бір үлкен ұйымшыл қоғамдастық шоғына жинаса, біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жасағандай, біз ең күшті және тұрақты ел болғанымыз!», - деді Людмила Емельянова. Ол сөзінің соңында Гүлшара Әбдіқалықоваға 2015 жылғы егін масағынан жасалған достастық дестесін сыйлады.
Отырыстың соңында «Барбанг» күрдтер ассоциациясы» жастар қанатының мүшесі Назим Надиров өз сөзінде: «Бүгінгі жастар тәуелсіз Қазақстанда ұлтаралық келісімді нығайтудағы өздерінің рөлін түсінеді», -деп атап өтті, сонымен қатар, 2016 жылы Петропавл қаласында этномәдени бірлестіктердің жалпы республикалық съездін өткізу туралы ұсыныс жасады.
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысының қорытындысында, облыс әкімі барлығына қатысқандары үшін ризашылығын білдіріп, зор денсаулық, бейбітшілік және отбасыларына жақсылық тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22