02 Желтоқсан, 2016
943
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне - қайырымдылық акциясы
2016 жылғы 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің Достық үйінде «Татулық» облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігі «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорынның "Ынтымақ" корпоративтік волонтерлік бағдарламасының өкілдерімен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға және аз қамтылған отбасыларға арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Азаматтық татулықтың, қоғамдық келісімнің, қазақстандық бірегейлік пен бірліктің нығаюының, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарының және халықтың жалпыұлттық игілігі ретінде жаңа қазақстандық патриотизмнің принциптерін бекіту мақсатында ұйымдастырылған іс-шара барысында 30 отбасына азық-түлік қоржыны тапсырылды.
«Республикамыздың Тәуелсіздігінің 25 жылдығында аталып өтіп жатқан қайырымдылықты, ынтымақтастықты ҚР Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында қайырымдылық іс-шара ұйымдастырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға мейірімділік танытып, қуантуды жөн көрдік», - деді облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы Гүлсина Байкенова.
Қайырымдылық акциясына қатысушыларға концерттік бағдарлама дайындалып, соңынан дастархан жайылды.
Іс-шара соңында көмек алған отбасылардың баршасы аталмыш акцияның ұйымдастырушыларына өздерінің ризашылығын білдірді.
Атырау облысы әкімі аппарытың
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады