29 Қараша, 2014
974
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құтты болсын
Қазақстан халқы Ассамблеясы шын жүректен және зор қуанышпен Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтайды.
Құрметті отандастар!
Қазақстан халқы Ассамблеясы шын жүректен және зор қуанышпен Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтайды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалаушы кемеңгер тұлға, оның Тұңғыш Президенті, Елбасы. Қазіргідей күрделі кезеңде елімізді, Тәуелсіздігімізді нығайтып, ата бабадан мұра болып қалған қасиетті жерімізді сақтап, елдің бірлігі мен берекесін арттыра білген ғаламдық деңгейдегі саясаткер, тұлға басқарып келе жатқаны Қазақстанның маңдайына жазылған өлшеусіз тарихи табыс. Елбасының стратегиялық таланты, саяси жігері, қажырлы күш-қуаты, алға қойған мақсаттарға жету жолындағы табандылығы Қазақстанды - бірлік пен бейбітшілікті және қоғамдық келісімді басты құндылықтарына айналдырған гүлденген елге айналдырды. Осының арқасында, біз тұрақтылығы берік, келешегі сенімді, болашағы жарқын елде өмір сүреміз. Біз бүгінде Қазақстанның әрбір азаматы Елбасының тәуелсіз, дамыған мемлекет құру жолындағы қызметін терең ұғынып, шынайы ықыласпен қолдайтынына сенімдіміз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – бұл барша халықтың ортақ мерекесі. Айтулы мереке қарсаңында әрбір шаңыраққа береке, шаттық, бейбітшілік пен ынтымақ тілейміз. Халқымыз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз Мәңгілік болсын!
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
вчера, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты