
28 Қараша, 2017
810
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Я люблю цябе, мая Радзіма!» Белорус мәдениеті фестивалі
1 желтоқсанда елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың күні атап өтіледі. Мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы президенттің рөлі өте маңызды және орасан зор. Президенттің салиқалы саясатының арқасында бүгін Қазақстанда 130 астам этнос бейбітшілік пен келісімде, достық пен өзара түсіністікте өмір сүруде.Ұлттың қазақстандық «кодының» ерекшелігі –барлық этностар өз ана тілі мен әдебиетін үйреніп, дәстүрлер мен ғұрыптар, мерекелер өткізу мүмкіндігіне ие, этностық бірегей мәдениетін сақтай отыра, қазақстандық қоғамның толық құқылы мүшесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында 2017 жылғы 23 қарашада Достық үйінде «Я люблю цябе, мая Радзіма!» атты белорус мәдениеті фестивалі өтті. Аталған фестиваль облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» республикалық ішкі жобасы аясында «Асыл қазына» жобасын іске асырудың өзгеше бастауы болды.
Белорус мәдениеті фестивалін жыл сайын 2003 жылы құрылған сәтінен бастап «Радзіма» этномәдени орталығы өткізеді. Іс-шара бірыңғай қазақстандық мәдениеттің бөлігі ретінде белорус мәдениетін сақтау және дамыту жолымен өңірде этносаралық келісімді нығайтуға бағытталды.
Фестиваль аясында дәстүрлі түрде шығармашылық ұжымдар қатысты: «Алуа» халық би ансамблі, «Қуанамын» халық би студиясы, № 8 эстетикалық тәрбие орта мектебінің «Бұлақтар» хореографиялық ансамблі. Биыл алғаш рет аудандық этномәдени бірлестіктер өнер көрсетті: «Алтын бесік» және «Дарья», Ғабит Мүсірепов және Мамлют аудандарының өкілдері. Сонымен қатар кеш дебютанттары – М. Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы, жеке орындаушы Валерия Васильева, ақын Волкова Галина, этномәдени орталық жас қанатының белсендісі Юлия Сысоева және т.б. Әртіс Антон Гуторовтың өнері ерекше болды, ол көрермендермен «интерактив» жүргізді.
Кеш Лидия Хамрачеваның орындауындағы Қазақстанға арналған әнмен тәмамдалды, әсем әнде барлық әртістер иін тіресе билеп, орындаушыға қосылды.
Бүгінгі таңда «беловежская пуща», «сябры», «Песняры» тобы, «бульба» және т.б. атуларын білмейтін адамды кездестіру қиын. Көз алдыңа бірден әдемі табиғат, оқиғаларға толы тарих, бірегей сәулет, белорус этносының өнері келеді. Осының бәрі Қазақстан аумағында отанын тапқан белорус этностары үшін өте қымбат.
Беларустар – тың игеру жылдары қонақжай қазақ жеріне жер аударылған этностардың бірі. 50 жылдан астам уақыт өмір сүріп, білім алды, өмірлік серіктерін тауып, отбасын және шаруашылығын құрды. Олар үшін Қазақстан Республикасы – өмір жолындағы бастапқы нүктесіне айналған туған үй.
Концерттік бағдарлама аясында «жастық шақтағы» әндер шырқалды, халық билері мен «Медовая полянка», «Купалінка», «Веселуха» және т.б. хореографиялық композициялар ұсынылды, «Спожінки» салты көрсетілді, ол «Егін мерекесі» дегенді білдіреді, Болорусия, балалық шақ, табиғат және т.б. туралы лирикалық өлеңдер оқылды.
Іс-шара соңында барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды, кофе-брейк ұйымдастырылды.
Дата события ассамблеи: 28.11.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті