16 Ақпан, 2022
498
Қазақстан ұйғырлары ұлтаралық келісімді сақтау және нығайту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары- Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығының белсенділерімен кездесу өткізді.
Алғашқы сөз кезегінде Ассамблея Төрағасының орынбасары ұйғұр этносының қазақстандық патриотизмді дамытуы мен нығайтуға бағытталған жұмысын жоғары бағалады.
«Орын алған соңғы оқиғалардан кейін біздің еліміз ауқымды өзгерістерді бастан кешуде. Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстанды» құрудағы ауқымды реформаларын іске асыру жөніндегі тұжырымдамасы соның айқын дәлелі болып табылады. Әрине, осындай өзгерістерден кейін ҚХА жұмысына да жаңа тәсілдер талап етіледі. Біздің қазіргі міндетіміз қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға ерекше үлес қосу», - деді М.Әзілханов.
Өз кезегінде ұйғұр этномәдени бірлестігінің өкілдері «қайғылы қаңтар» кезінде туындаған қайшылықтарға тоқтау қойып, ортақ мемлекетіміздің тыныштығын сақтаған Мемлекет басшысына шын жүректен ризашылығын білдірді.
«Бүгінде біздің ұйым Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен елдегі ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайтуда белсенді жұмыс атқаруда. Атқарылып жатқан жұмыстар Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсынған «Жаңа Қазақстанды» дамытудың перспективалық бағытын толық қолдауға бағытталған», - деді ҚҰРЭМО төрағасы, ҚХА Кеңесінің мүшесі Ш. Нұрымов.
Сондай-ақ кездесу барысында ҚХА жұмысының тиімділігін одан әрі арттырудың негізгі аспектілері қаралып, ұйғыр этномәдени бірлестігінің бірігіп жұмыс жасауын талап ететін бірқатар өзекті проблемалары айқындалды.
Кездесу соңында Марат Әзілханов қатысушыларға ҚХА-ның алдағы міндеттерін талқылауға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.
Айта кетейік, кездесу онлайн форматта ZOOM -конференция платформасында өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды