Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Қазан, 2018

796

ҚАЗАҚСТАН ӘЗІРБАЙЖАН МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАРЫ ОДАҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ ВИДАДИ САЛАХОВ ӨМІРДЕН ӨТТІ

«Қазақстан әзірбайжан мәдени орталықтары одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті, философия ғылымдарының докторы, «Туран-экспресс» газетінің бас редакторы Видади Салахов Караевич 61 жасында өмірден өтті.

Ол 1957 жылы 31 желтоқсанда Әзірбайжанның Кульбаджар ауданында дүниеге келді. 1983 жылы Воронеж мемлекеттік университетін бітірді.  Мектепте тарих пәнінің мұғалімі, «Призыв», «Азамат-Таймс» газеттерінің корреспонденті болып жұмыс жасаған. 2004 жылдан бері «Туран-экспресс» газетінің бас редакторы болып келген.

Видади Караевич біздің жүрегімізден зиялы, дана, ашық-жарқын жан ретінде орын алып, жадымызда мәңгіге сақталады.

 

 

 

 

Дата события ассамблеи: 15.10.2018

Кейін қарай