10 Ақпан, 2016
1003
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ
2016 жылғы 9 ақпанда Ұлттық академиялық кітапхананың ҚХА залында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов пен ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының аға саяси кеңесшісі Марк Фумагалли және Дженнифер Крофтпен кездесу болып өтті.
Кездесу барысында тараптар әлеуметтік-гуманитарлық секторды дамытуға қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады. Күн тәртібіне Қазақстандағы этносаралық қатынастар, қазақстандық этностардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуы және Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қойылды.
ҚХА Төрағасының орынбасары Тоғжанов Е.Л. Қазақстанның тәуелсіздік алған кезінен бастап ел аумағында татын барлық этностардың дәстүрлерін, мәдениеті мен тілін дамыту үшін барлық жағдайлар жасалғанына назар аудартты. «Этномәдени бірлестіктер – бұлар Қазақстан мен этностардың тарихи отанары арасында алтын көпір болған құрылымдар» - деді ол.
ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының өкілдері ҚХА-ның осы өңірде ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының негізгі серіктесі болып табылатынын атап көрсете отырып, тығыз ынтымақтастық үшін ризашылықтарын білдірді.
Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов Ассамблеяның әлемдік қауымдастықпен іс-қиыл жасаудағы көп векторлығын атап көрсете отырып, халықаралық ынтымақтастықтағы кең ауқымды жұмыс туралы баяндады. Авторы Мемлекет басшысы Н.Назарбаев болып табылатын бейбітшілік пен келісім моделі алыс-жақын шет елдерде таныстырылып, жетекші халықаралық сарапшылардың зерттеу объектісіне айналды.
Ералы Тоғжанов бүгінде Қазақстанның бейбітшілік пен қоғамдық келісім идеясын жүргізуші екендігін атап көрсетті. Ел жалпыадамзаттық құндылықтар және бірлік пен татулық идеяларын сақтап қана қоймай, оларды нығайтып, оны Қазақстан халқының жалпыұлттық идеясының негізіне айналдыр ып отыр.
Мемлекеттік тілді дамыту және Қазақстан этностарының тілдерін дамыту мәселесін талқылау барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының осы бағытта жүргізіп отырған жұмысына, мемлекеттік тіл Қазақстан халқының бірлігін көрстетін фактор ретінде белгіленіп, бекітілуіне оң баға берілді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстандық біртектілік пен бірлік тұжырымдамасына ерекше назар аударылды. ЕҚЫҰ өкілдері, Дженнифер Крофт ханым, бұл құжаттың ішіндегі халықаралық тәжірибені зерделеу туралы тармағына назар аудара отырып, оның мәнін атап көрсетті. Мұнда этносаралық қатынастар саласын қамтитын құжаттарды, соның ішінде ЕӨЫҰ-ның түйіді ұсынымдарын бағдарға алу нормасы көзделгеніне назар аудартты.
Кездесу барысында келген өкілдер бүгінде халық пен Үкімет арасындағы алтын көпірге айналып отырған Ассамблеяның кеңестерінің жұмысымен танысты. Олар қазақстандық қоғамда бірлік пен келісімнің нығаюына жәрдемдеседі.
ҚХА Төрағасының орынбасары Тоғжанов Е.Л Қазақстанның жасампаз халқы ел болашағы үшін ортақ жауапкершілікте екендігін түсінетінін және қоғамдық келісімді нығайту мәселесін басты мәселе деп санайтынын атап көрсетті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Ассамблея қызметінің қоғамдық келісімді қамтамасыз ету, көп тілді білім беруді дамыту жөніндегі нақты бағыттарын қарастыру бойынша бірлескен жұмыс кездесулерін өткізу туралы келісімге келді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
вчера, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ