15 Тамыз, 2025
142
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
2025 жылғы 15 тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымына кіретін Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының (ҚОСКҰҚ) отырысы өтті.
Жиынға Қауымдастық төрағасы, еліміздің мемлекет және қоғам қайраткері Владимир Божко, өңірлік филиалдардың басшылары, этномәдени бірлестіктердің белсенділері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде Мемлекет басшысы XXXIV сессияда берген тапсырмаларды іске асыру, Қауымдастықтың мәдени-ағартушылық жобаларын кеңейту, мемлекеттік тілді дамыту, сондай-ақ ҚОСКҰҚ-тың этносаралық және қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі талқыланды.
Отырыста ҚОСКҰҚ төрағасының бірінші орынбасары қызметіне – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері және журналист Сергей Михайлович Пономарев сайланды.
Бірінші орынбасар этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимыл, мәдени және ақпараттық жобаларды жүзеге асыру, мемлекеттік органдармен және қоғамдық құрылымдармен ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қадағалайтын болады.
ҚОСКҰҚ төрағасы Владимир Божко жаңа орынбасардың тағайындалуы команда жұмысын күшейтіп, Қауымдастық қызметіне қосымша серпін беретініне сенім білдірді:«Біз С.Пономаревтің энергиясы, тәжірибесі мен жаңа бастамалары Қазақстандағы этносаралық келісімді нығайту жолындағы ұйымымыздың белсенді жұмысына ықпал етеді деп сенеміз», – деді ол.
Жиын соңында қатысушылар ҚОСКҰҚ-тың Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған екінші жартыжылдықтағы негізгі іс-шаралар жоспарын қарап, Ассамблея жобаларына қатысу және дәстүрлі мәдени іс-шараларды өткізу мәселелерін талқылады.
Анықтама үшін:
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамындағы мемлекеттік бастамаларды қолдайтын, этносаралық келісімді нығайтуға, мәдени әралуандықты дамытуға, тарихи-мәдени мұраны сақтауға және қоғамда достық, бірлік пен өзара құрмет қағидаттарын ілгерілетуге елеулі үлес қосып келе жатқан іргелі бірлестіктердің бірі.
Сергей Пономарев журналистика және қоғамдық коммуникациялар саласында 30 жылдан астам еңбек етіп, жетекші телеарналарда авторлық және аналитикалық бағдарламаларды жүргізді, қоғамдық кеңестер мен өкілді органдардың жұмысына белсенді қатысты. 2023 жылдан бастап VIII шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Риддер қаласындағы Достық үйіне барды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті
-
Риддер қаласының «Ассамблея жастары» өкілдерімен және белсенді жастарымен еркін форматта кездесу өтті
-
ШҚО-да бірінші республикалық Достық үйлері Конгресі өтті
-
«Этномәдени сауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу бағдарламасы өтті
21 Қыркүйек, 08:53
Қостанайда дәстүрлі халықаралық марафон-бәйге «Ұлы дала жорығы» басталды
21 Қыркүйек, 08:50
Қазақстан өзбектері қауымдастығы «Дустлик» ассоциациясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті
20 Қыркүйек, 08:43
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
24 Қыркүйек, 23:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары
23 Қыркүйек, 18:59