
26 Желтоқсан, 2017
1959
Қазақстандық татарлардың тарихы туралы жаңа кітап
Көкшетау қаласында қазақстандық журналистика саласының құрметті ардагері Лариса Аитованың кезекті кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. «Ата-ана үйі» деп аталатын жаңа кітапта татар халқының тарихы туралы баяндалады.
«Ұлтым мен арғы аталарымның тамыры қайдан тарағандығы туралы ой біраз уақыттан бері маған маза бермей келген еді. Қазақстандағы татар халқының тарихы мен ұлтаралық ауызбіршілікті дамыту ісіне сүбелі үлес қосып жүрген Көкшетаудағы татар диаспорасының белді өкілдері жайында ақпарат жинап, бір жерге жинап, топтау бұрынғы арманым болатын», - дейді Лариса Аитова.
Жалпы кітаптың өзі «Татар халқы және олардың арғы тегі», «Қазақстандағы татарлар», «Менің шежірем», «Көкшетаулық татарлар», - деген төрт бөлімнен тұрады. Аталмыш еңбек деректемелік негіздерге сүйеніп жасалған және Лариса Аитованың айтуынша бұл туындыда автордың шығармашылық қиялынан туған дүниелар жоқ.
Кітаптағы кіріспе сөзінде Лариса Аитова: «Ата-ана үйі әркімнің дүние есігін ашып, алғашқы қадамдарын жасаған, есейіп, өмірді танып, жетілген жері саналады. Сол сияқты біздің де ортақ үйіміз, Отанымыз Қазақстан Республикасы. Ал татар халқы болса, осы көпұлтты үлкен үйдің бір бөлшегі іспеттес», - деген ойды келтіреді.
Кітаптың тұсаукесер рәсімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапханада болғандығын ерекше атап өткен жөн. Тұсаукесер барысында жиналған қауым автордың жеке шығармашылығымен қоса өзі туралы да мол ақпарат алып, оны өзге де қырларынан жақсылап тануға мүмкіндік алды. Лариса Аитова кешке жиналған қауымның сұрақтарына жауап беріп, өз еңбектерінен үзінділер оқуды да ұмытқан жоқ.
Кітапсүйер көпшілік авторға сұрақтар қоюмен қатар, адам жанына ерекше жылу сыйлайтын автордың керемет туындыларды жазып жүргені үшін алғыстарын жеткізді. Олардың қатарында Ақмола облысының татар және башқұрттары қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рафаил Сулькарнаев, «Қоғамдық келісім» КММ-нің өкілі Найля Сейдалина, жазушы, тарихшы Виктор Терещук, бұл жиынға Имантау ауылынан арнайы келген Нұрғали Құзахметов және т.б. азаматтар бар. «Ғалиябану» ансамблінің әртісі Сарвар Мубаракшина мен Көкшетау қаласының құрметті азаматы Фарук Богаповтар болса, өткенді білу мен тарихи жадының сақталудағы автор еңбегінің алар орны ерек екендігіне айрықша тоқталды.
Кездесуге қатысушылар назарына Көкшетау қаласының татарлары мен автордың жеке суреттерінен жасалған виртуалды суреттер альбомы ұсынылды. Сонымен қоса кештің сәнін кіргізген татар халқының «Ғалиябану» фольклорлық ансамблі орындаған әндер болды. Тұсаукесер рәсімі қолтаңба беру сессиясымен аяқталды.
Белгілі журналист Лариса Аитова «Естелігімнің алауы», «Ұмыту мүмкін емес» атты кітаптардың, ақмолалық жерлестері мен туған өлкесі туралы жазылған мақалалар мен сұхбаттардың авторы және көптеген облыстық шығармашылық байқаулардың жүлдегері. Белгілі жазушы, «Черная Колыма» («Қара Колыма») романының авторы Ибрагим Салахов туралы жазған кітабы мен деректі фильмі үшін «Мұса Жәлелдің туылғанына 110 жыл» естелік медельімен марапатталған.
Ринат ДУСУМОВ
Дата события ассамблеи: 26.12.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі