19 Наурыз, 2018
1376
Қазақстанның ұлттық ас үйіндегі пайдалы тағамдар
Ұлттық тағамдар кез келген этнос мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады. Ол халықтың тарихын, оның салт-дәстүрлерін, тұрмыс салтының ерекшеліктерін танытады. Ғасырлар бойы адамдар тағамдарды әзірлеуге махаббат пен ниетін жұмсайтын, ол арқылы өз құрметін, қонақжайлылығы мен ұлттық көрінісін білдіретін.
Этностар туралы білімді кеңейту, ас әзірлеу икемдері мен дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ толыққанды тамақтану арқылы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2018 жылғы 16 наурызда М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қазақстанның ұлттық ас үйіндегі пайдалы тағамдар» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ ынтымақтастығымен «Қазақстан халқы ассамблеясы» және «Химия және химиялық технология» кафедралары болды.
Семинар екі блокты қамтыды: тиімді және үйлестірілген тамақ бойынша ақпараттық экскурс және дәмін татумен ұлттық тағамдар әзірлеу бойынша шеберлік сыныбы.
Бірінші бөлім барысында «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Л.А. Гривенная, дәрігер-терапевт С.С. Сақтағанова, «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушылары В.А. Рубе және Н.В. Остафейчук, сондай-ақ «Тұтынушылық азық-түлік технологиясы» мамандығының студенттері сөз сөйледі. Дәріскерлер тиімді және үйлестірілген тамақтың пайдасы, сақтау тәсілдері, азық-түлік өнімдерін аспаздық өңдеу жайында баяндады, сондай-ақ қазақ, орыс, армян, поляк, шешен, неміс, әзірбайжан ұлттық тағамдарын ұсынды.
Сарапшы-кеңесшілер ретінде этномәдени бірлестіктердің өкілдері шақырылды. Дәл солар ұлттық тағамдардың ерекшеліктері жайында айтып, әзірлеу сырларымен бөлісті. Сонымен қатар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері барлық қатысушыларға шешен, армян, неміс тағамдарын әзірлеу бойынша шеберлік сыныбын өткізді.
Ғылыми-әдістемелік семинар тағамдардың дәмін татумен және оны сараптамалық бағалаумен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32