15 Қазан, 2018
845
Қазақстанның тоғыз қаласында ұйымдастырылған Корей киносының фестивалі Павлодарда аяқталды
Павлодардағы Ш. Айманов атындағы кинотеатрда Қазақстандағы Корей елшілігі корей мәдени орталығының ұйымдастыруымен корей киносының фестивалі өтті.
Орталық директоры Ли Хе-ранның айтуынша, Қазақстанда корей киносының фестивалі биыл еліміздің тоғыз қаласында ұйымдастырылып, Павлодарда аяқталған.
Фестивальге студенттер мен Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, кино бағалайтын өнерсүйер қауым жиналды.
«Қазақстандықтар комедия және драма жанрын ұнатады деп естідік. Сондықтан көрсетілімге осы жанрдағы фильмдерді таңдап әкелдік. Бұл фильмдер корей тілінде болса да, орыс тіліндегі субтитрмен ұсынылады», - дейді орталық директоры.
Корей орталығы Астанада кинофестивальден басқа, түрлі мәдени шаралар өткізеді. Оның ішінде концерттер мен фото және өрнектер көрмесі бар. Сол жерде арнайы курстарда корей тілі мен корей тағамдарын дайындауды үйренуге болады.
«Қазақстан Корея үшін Орталық Азиядағы маңызды серіктес болып табылады, Корейлер 80 жыл бойы Қазақстанның жерінде өмір сүреді. Қазақстан елімен байланыс дипломатия, мәдениет және басқа да бағыттарда одан әрі дами түседі», – деген сенім білдірді Ли Хе-ран ханым.
Қазіргі таңда әлемнің 27 мемлекетінде 32 корей орталығы жұмыс істейді. Астанада мұндай орталық біреу ғана.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті