31 Қазан, 2024
269
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕТЕКШІ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СТУДЕНТТІК АССАМБЛЕЯ АШЫЛДЫ
Алматы қаласында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің базасында Студенттік Ассамблеяның ашылуы өтті. Студенттік өзін-өзі басқару жаңа ұйымының белсенділерімен алғашқы кездесуге университет ректоры Мейрам Бегентаев пен «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев қатысты.
Студенттермен кездесу Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанаты қызметінің өзекті бағыттары бойынша «миға шабуыл» форматында өтті. Алдағы жастар жобаларының қолданбалы сипатына және дарынды жастарды қолдау алаңы ретінде Студенттік Ассамблеяны дамытуға назар аударылды.
Студенттер қауымын қоғамдық келісімді сақтау және Қазақстан халқының бірлігін нығайту үдерісіне тарту мақсатында жоғары оқу орындарында «Ассамблея жастарының» жұмысы күшейтілгені айтылды.
Сәтбаев университетіндегі Студенттік Ассамблея жас ғалымдармен және сарапшылармен өзара әрекеттесуді кеңейтуге ықпал етеді. Сондай-ақ, кездесу барысында ауылдық аймақтарда, әсіресе этностар ықшам орналасқан жерлерде кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу мүмкіндіктері талқыланды.
Кездесудің қорытындысы бойынша Т.Джумурбаев университет басшылығы мен студенттік өзін-өзі басқару қауымына аталмыш бастаманы қолдағаны үшін алғысын білдірді, сонымен қатар жаңа ұйымның белсенділеріне университет қабырғасында Студенттік Ассамблеяның ашылғаны туралы куәлікті табыстады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен кездесу өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Риддер қаласындағы Достық үйіне барды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті
-
Риддер қаласының «Ассамблея жастары» өкілдерімен және белсенді жастарымен еркін форматта кездесу өтті
-
«Күшіміз – бірлікте»: Қарағандыда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мурал пайда болды
24 Қыркүйек, 23:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары
23 Қыркүйек, 18:59
ШҚО-да бірінші республикалық Достық үйлері Конгресі өтті
23 Қыркүйек, 23:51
ШҚО-да «Достық тәжірибелері: нәтижелі үлгілер» атты сараптамалық сессия өтті
25 Қыркүйек, 12:28
«Жеңіс - бірлікте» ҚХА спорттық платформасы аясында пауэрлифтингтен «Алтын Батыр 5» Әлем чемпионаты өтті
25 Қыркүйек, 15:04