Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Ақпан, 2016

1215

Қазақ-түрік лицейінің оқушылары этномәдени бірлестіктердің мұражайына саяхат жасады

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен халықаралық «Ана-тілі» мерекесіне  орай, Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей интернатының оқушылары Достық үйіндегі этномәдени бірлестіктердің құнды жәдігерлері қойылған мұражайға саяхат жасады. Іс-шараның мақсаты - жастар арасында ұлтаралық төзімділік пен қоғамдық  келісімді нығайту, олардың рухани дамуына жағдай жасау.

Экскурсия барысында оқушыларға «Ехпайрутюн» армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Айрапет Курдоглян армяндардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы жайлы мол мағлұмат берді. Ал, «Достлуг» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің өкілі Самира Сабирқызы болса, әзірбайжандардың асханасына тоқталды.

Танымдық шара барысында оқушылар қызықты сұрақ-жауап сайысына қатысып, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бергендері түрлі сыйлықтарға ие болды.

Бүгінгі экскурсия маған қатты ұнады, - деді аталмыш оқу орнының 10  «А» сынып оқушысы Қанат Жолаев.

Бүгін мен Маңғыстаудағы өзге ұлттардың дәстүрі, құнды жәдігерлері жайлы көп мәлімет алдым. Шынымды айтсам, бұған дейін мен мұражайға барып көрмеппін. Енді, осындай мұражайларға жиі барып тұратын боламын. Мол ақпарат алдық. Тағы да келеміз деген ойдамын,- деді Қ.Жолаев.

   

   

 

 

МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай