22 Қазан, 2020
841
Қазақ тілі – тәуелсіз Қазақстан жастарының тілі
Қазақ жері – әр этностың алтын бесігі. Қаймағы бұзылмаған табиғатымыз, көркем тіліміз, бай тарихымыз және ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан салт-дәстүрлеріміз, табиғатымыз – осының бәрі қазақ жерін мекендейтін 130-дан астам ұлт-өкілдерін біріктіріп, Отанға ыстық махаббатымызды тудырады. Біз бәріміз: қазақ, орыс, украин, әзірбайжан, башқұрт, татар – бірлікте өмір сүріп, этносаралық тұтастықты сақтауға тырысамыз, себебі Қазақстан Республикасы біздің ортақ үйіміз. Қазақ тілін, үйренуге, оны білуге, қазақша сөйлеуге деген талпыныс әр адамның ішкі сезімімен, сол тілге деген сүйіспеншілігінен басталады. Мемлекетін сүйетін әр қазақстандық сол елдің мемлекеттік тілін үйренуге өзі талпынса, нұр үстіне нұр болар еді. Олар айлығына үстеме қосу үшін емес, ұлы елдің азаматы, адал перзенті болу үшін өзінің ана тілін білгені жөн, білуге тиіс. Балық басынан шіриді дегендей қазіргі жастарымыз шұбарлы, құнарсыз тілге үйреніп бейімделіп бара жатырмыз, қазіргі ұрпағымыз осылай болса келешегіміз не болмақ? Сондай-ақ айта кететін жағдай жастар – мәдениетті сөйлеуі тиіс, өйткені тіліміз аралас сөздермен азап шегуде, сондықтан да таза тілде сөйлегеніміз жөн болар.
Бүгінде Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауында белгіленген басым бағыттардың бірі – барлық қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы ретінде мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға басты назар аударылуда. Тіл мәдениеті бірден қалыптаспайды. Ол терең білімді, талғампаздықты, сөйлеу шеберлігіне талмай үйреніп, жаттығуды қажет етеді. Көңілге қуаныш ұялататын жақсы нышан, ол көптеген қазақстандықтардың балаларын қазақ мектептерінде оқытып, олардың мемлекеттік тілде білім алуы үшін жағдай жасауға ұмтылуы болып отыр.
Қазақ халқының мақтанышы жазушы, Ұлы Отан соғысының батыры Б.Момышұлының өнегелі сөздері қанатты сөздерге айналып, ел ішіне таралған. «Анамыздың ақ сүтімен боймызға дарыған тілімізді ұмыту бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту. Ана тілімізге мән бермеушілік, оны құрметтеушілік – шынайы патриоттарды тәрбиелеу жұмысына үлкен зиян. Кейбір ұл – қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Қолына қалам ұстаған әр азамат ана тілнің бай қорын игерумен бірге басқа, әсіресе, көрші ұлт тілдерінің де асыл қазынасынан сусындауы, оны кәдеге жарата білуі абзал. Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес» деген еді.
Тіл тазалығы үшін бірге күресуге шақырамын.
Юлия Лагуткина,
«Оберег» украиндар қоғамының жастар қанатының мүшесі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
вчера, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый