
22 Қазан, 2020
662
Қазақ тілін үйренуіме намыс түрткі болды
Мен 1993 жылы 6 шілде Өзбекстан Республикасы Жизақ облысында дүниеге келдім. Ұлтым – армян. Өзбек достарыммен араласып, өзбек тілін толық меңгердім. Өз ана тілімде де жақсы сөйлеймін. Мен 14 жасқа толғанда яғни 2007 жылы отбасымызбен Қызылорда қаласына көшіп келдік. Орыс мектебіне қабылдандым, сыныптастарымның барлығы түрлі ұлт өкілдері болды. Бірақ барлығы қазақша сөйлейтін, соларға қарап қатты қызығатынмын. Өйткені Қазақстанда өспегендіктен, мемлекеттік тілде мен ғана сөйлемейтін едім. Балалар орысша сұрағыма қазақша жауап беріп, мені қылжақ қылатын. Кейде өзбекше жауап берсем, одан сайын күлетін. Содан қатты намыстанып, қайтсем де қазақ тілін үйренемін деп шештім.
Осылайша, достарым мен көршілерімнің арқасында қазақ тілін жетік меңгердім. Мектеп бітіргеннен кейін Қызылорда қаласындағы заң колледжіне оқуға түстім, оқуымды қазақ тілінде жалғастырдым. Себебі мемлекеттік қызметте жұмысқа кіремін деп шештім. Ал мемлекеттік қызметкерге мемлекеттік тілді білмеген ұят екенін жақсы түсінетінмін.
2014 жылы Ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келдім. 2015 жылдан мамандандырылған күзет қызметі басқармасында жұмыс атқарып келемін.
2016 жылы жұбайым Дианамен таныстым, екеуміз бір салада қызмет атқарамыз. 2018 жылы екеуміз отбасын құрдық. Мен де қалың қазақтың күйеу баласымын. Медина есімді қызымыз бар. Әке-шешеммен бірге тұрамыз, екеуі де зейнеткер. Руслан, Артур есімді екі ағам бар. Екеуіде қазақ аруларына үйленген. Қбазақпен құда болып, құйрық бауыр асасқан бақытты жанұямыз. Қазақстанға көшіп келгенімізге еш өкінбеймін. Қазақ халқына бізді құшақ жайып қарсы алғаны үшін алғысым шексіз.
Кейде бекетте тұрған кезде ауылдан келген кісілер бар орысшасын қосып, жөн сұрайды. Бірден түсініп, қазақ тілінде жауап бергенімде «балам өзің қазақ екенсің ғой» деп құшақтап алып жатады. Сондай сәтте мемлекеттік тілді білгенім үшін өзімді шексіз бақытты сезінемін.
Қазақстан Президентінің «Біз қазақ тілін жақсы білетін өзге ұлт өкілдерін қолдауымыз керек. Мұндай азаматтар қазақ тілінің деңгейін ұлтаралық қатынас дәрежесіне көтеруге көмектеседі» деген тапсырмаңыз өз дәрежесінде орындалып жатқанын жеткізгім келеді. Мемлекеттік тілді білудің арқасында жұмыста жақсы жетістіктерге қол жеткізіп келемін. Алдағы уақытта да мемлекеттік тілдің дамуына өз үлесімді қосамын деп уәде беремін.
Сондай-ақ қазақ тілін еркін меңгерген жастардың тізімін жасап, оларды мемлекеттік қызметтің кадр резервіне алу қажет деп ойлаймын.
Өйткені тілді құрметтеу – сол елді құрметтеу, мемлекетті құрметтеу. Осының барлығы өмір сүріп жатқан елдің тілінде сөйлеуден басталады дегім келеді.
Армен ОГАНЕСЯН,
Мамандандырылған күзет қызметі Басқармасының полицейі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті