01 Шілде, 2020
1372
«Қазақ тілін өзім де үйреніп, өзгеге де үйретіп жатырмын»
Ағымдағы жылдың 25 маусым күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев республикалық «Ана тілі» газетіне кеңейтілген сұхбат берген болатын. Аталмыш сұхбат бірден қоғам ортасында қызу талқыға түсіп, жұртшылық тарапынан зор қолдауға ие болды. Себебі сұхбатта көтерілген сауалдардың барлығы еліміздің болашағына тікелей қатысты және аса өзекті саналады.
Егемен еліміздің дамуына өзіндік үлесін қосып, Отан алдындағы азаматтық борышын адал атқаруды өз алдына мақсат етіп қойған жас ұрпақ өкілі ретінде маған Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының сұхбат барысындағы: «Қазақ тілін қолдану барысында фонетикалық және орфографиялық қателер жіберіп алатын отандастарымызға түсіністікпен қарап, толеранттылық танытуымыз керек. Мұндай азаматтар жастарымыздың арасында да аз емес. Олардың талпынысын мазақ етпей, қайта қолдай түскеніміз жөн» деген сөздері қатты ұнады. Себебі, менің жақын достарым, замандастарымның арасында да қазақ тілін жаңа меңгеріп келе жатқан, әлі де болса өз ойларын толық жеткізіп айта алмайтын, бірақ, болашақта мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгеріп, жақсы қызмет еткісі келетін жандар өте көп. Олардың барлығы қазақ тілінде алған теориялық білімдерін, іс жүзінде бекітіп, шыңдала түсу үшін қазақша сөйлей бастағанда айналасындағылардан сыни сөз, мысқыл күлкі естіп жатады. Бұл олардың тілді одан әрі оқып білуіне деген ынталары мен жігерлеріне кері әсер етеді. Сондықтан, тілді үйренуді жаңадан бастап жүрген достарыма өз қалауымдағыдай қазақ тілін шебер меңгермесем де, өзімнің білетін дүниелерімнің шеңберінде үнемі кеңес беріп отырамын. Алға қойған мақсаттарынан аздаған қиындыққа бола бас тартпай, тіл үйренуді жалғастыра беруге үгіттеймін.
Сондай-ақ Президентіміздің сұхбат үстіндегі: «Біз қазақ тілін жақсы білетін өзге ұлт өкілдерін қолдауымыз керек. Оларды Парламентке, өкілетті органдарға сайлап, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жоғары лауазымдарға тағайындап, мемлекеттік наградалармен марапаттап отырғанымыз дұрыс. Мұндай азаматтар қазақ тілінің деңгейін ұлтаралық қолданыс дәрежесіне көтеруге көмектеседі», - деген сөздерін ерекше қуанышпен қабылдадық. Бұл қазақ тілді этнос жастары үшін өз болашақ мамандықтарын қазақ тілімен байланыстырып, оны жақсы меңгере түсуде, өмірінде кеңінен қолдануда, өз ұрпақтарына үйретуде аса қажетті қолдау деп білемін.
Алена Солопова,
Ақмола облысы Шоқан Уәлиханов атындағы
Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51