Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Наурыз, 2017

1275

Қазақ және кәріс тілдерін үйренудің тиімді тәсілдері бойынша тәжірибе алмасу концерециясы

2017 жылдың  25 наурыз күні  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің  конференц залында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Қазақ және кәріс тілдерін үйренудің тиімді тәсілдері бойынша тәжірибе алмасу бойынша конференция өтті.

Конференцияның ұйымдастырушылары Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі және Атырау облыстық «Тхоньил» кәріс этномәдени бірлестігі болып табылады.

Конференцияның серіктестері: Атырау облысы әкімдігі, Қазақстан Республикасындағы  Корей Республикасы Елшілігі.

Конференцияның мақсаты:  қазақ және кәріс тілдерін үйренудің тиімді тәсілдері мен тәжірибе алмасу, олардың салыстырмалы талдауы және қазақ тілін тиімді үйренуге ұсыным жасау үшін қолдануды жүзеге асыру.

Тағылымды іс-шара кәрістердің Қазақстандағы 80 жылдығына арналған.

Іс-шараға Атырау облыс әкімінің орынбасары С.Ж. Нақпаев; ҚР Президент Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Н.Ы. Шанаи,  КХА  облыстық Хатшылығы, «Қоғамдық келісім» РММ-нің өкілдері, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері, Корей Республикасының өкілдері, ЖОО профессорлық құрамы, ЖОО  тіл саласының мамандары мен сарапшылары, этномәдени мен жастар бірлестіктерінің  басшылары мен өкілдері және  БАҚ қатысты.

Конференцияны модератор «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» РҚБ төралқасы мүшесі, «Жаңа Шешімдер» Білім Қоры» ЖШС-нің бас директоры Вячеслав Семенович Ким  ашты

Құттықтау сөз облыс әкімінің орынбасары С.Нақпаевқа, ҚР Президент Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Н.Ы. Шанаиға,  «Тхоньил» облыстық этномәдени бірлестігінің төрайымы, Атырау облыстық мәслихат депутаты Л.Лиге берілді.

Баяндама жасағандар:

Герман Николаевич Ким-профессор, тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кәрістану орталығының директоры, тарих кафедрасының профессоры, Конгук университетінің (Сеул, Корея) Орталық Азия зерттеу және ынтымақтастық жөніндегі орталық директоры, тақырыбы: «Кәрістер этногенезі және қазақ және кәріс тілдерінің алтайлық туыстығы»;

Жұмағалиева Жансұлу Нұралықызы – Қазақстан Республикасындағы Корей Республикасы жанындағы білім беру орталығының өкілі, кәріс тілінің мұғалімі, тақырыбы: «Грамматика, фонетика, лексика негіздері және кәріс тілін үйретуді дамытудың заңдылықтары; 

Сонг Джан Хун – Қарағанды қаласындағы «Елдос» білім беру қорының директоры, тақырыбы: «Кәріс және қазақ тілдерінің салыстырмалы талдауы. Жалпыдайындық курстарында үйретілу тәжірибесі және лингвистика бөлімдері тұрғысынан тіл ортақтығын қарастыру»;

Қарыбаева Саягүл Елтайқызы – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ тәжірибелік қазақ тілі кафедра доценті, филология ғылымының кандитаты, «Тілдарын» ӘО әдістемелік кеңесінің жетекшісі, тақырыбы: ««Тілдарын» тілдер оқытудың инновациялық технологиялар орталық әдістемелік қорлары: мемлекеттік тілге үйретудің жаңа тәсілдерін меңгеру»;

Түстен кейін панелдік сессия отырысы болды. Онда баяндама жасағандар:

Ким Вячеслав Семенович- «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» РҚБ төралқасы мүшесі, «Жаңа Шешімдер» Білім Қоры» ЖШС-нің бас директоры, тақырыбы: «Мектепке дейінгі балалар үшін үштілдік әдістері»;

Дюсенбина Ғалия Жорабекқызы – қазақ тілін үйрену әдістерін әзірлеуші және авторы, тақырыбы: «Қазақ тілін үйрену тәсілі презентациясы»;

Мұхамеджан Әйгерім – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы бағдарламасы бойынша қазақ тілі пәнінің мұғалімі, тақырыбы: «ҚР жаңартылған мазмұндағы орта білім жағдайында қазақ тілін оқыту ерекшеліктері»;

Цой Ольга Борисовна  – «Достар» Халықаралық мектеп-лицейінің кәріс тілі мұғалімі, тақырыбы: «Қазақстан Республикасы орта білімінде (жексенбілік мектептер) кәріс тілін оқыту ерекшеліктері».

Кейін қарай