05 Қазан, 2016
1275
«Азаматтық және этностық топтар – жалпыұлттық бірлік пен бейбіт қатар өмір сүруге қол жеткізу стратегиялары» халықаралық конференциясы
2016 жылғы 4 қазанда Тұңғыш Президент қорының Алматыдағы бас кеңсесінде «Азаматтық және этностық топтар – жалпыұлттық бірлік пен бейбіт қатар өмір сүруге қол жеткізу стратегиялары» атты халықаралық конференция өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қолға алынған шараны қазақстандық немістердің «Возрождение» қауымдастығы мен Конрад Аденауэр атындағы қор ұйымдастырды.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Германияның елшісі Рольф Мафаэль, Конрад Аденауэр атындағы қордың директоры – Х.Томас, ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар ісі бойынша Жоғарғы комиссарының аға кеңесшісі Андрей Ханжин және Германия Бундестагының депутаттары, отандық сарапшылар, этномәдени бірлестіктердің басшылары, отандық және шетелдік БАҚ өкілдері, т.б. қатысты.
Конференция барысында Германияның елшісі Рольф Мафаэль: «Қазақстанның көпұлтты ел ретіндегі даму моделі бізді қатты қызықтырады. Қазір Еуропа елдері этностық дамуға қатысты көзқарасын қайта қарау үстінде. Ондаған ұлтты бір идея аясына ұйытып, олардың салт-дәстүрі мен мәдениет, тілін сақтап, дамытуға жол ашатын жұмысты үлгі тұтамыз. Әрі биыл ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Германия өз тарапынан Қазақстан көтерген төрт тарапты ұсынысты әрі қарай дамытып жалғастыратын болады», – деді.
Күн тәртібінде жалпыұлттық диалогты дамытудағы ЕҚЫҰ тәжірибесі мен рөліне байланысты өзекті мәселелер, ҚХА мен азаматтық қоғам институттарының ынтымақтастығы қаралды.
Сонымен қатар конференция барысында бірнеше бағыт бойынша панелді дискуссиялар ұйымдастырылды: қазіргі кездегі этностар мен этностық топтардың рөлі, олардың қоғамдағы интеграциясы, консолидация мен жалпыұлттық бірлік және т.б.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
7 Шілде, 21:16