14 Қыркүйек, 2018
929
Қазан қаласында Алматы облыстық ҚХА мен Татарстан Достық үйі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Қазан қаласында Алматы облыстық ҚХА мен Татарстан Достық үйі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай бастаған бір топ делегация Қазан қаласында облып қайтты.
Шекара аймағындағы ынтымақтастық бойынша «Достықта жоқ шекара» халықаралық фестивалі аясында Татарстан астанасы Қазан қаласында Татарстан Достық үйімен екіжақты ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды.
Сонымен қатар сапар барысында дүниежүзі татарлары конгресінің өкілдерімен кездесу өткізіп, мың жылдық тарихы бар Қазан қаласын аралап, татар халқының рухани құндылықтарымен танысты.
Әлемге тарыдай шашылған татарлар саны шамамен 8 млн. болса, бес миллионнан астамы Татарстанда тұрады. Елдің тілін, тарихын, мәдениеті мен дәстүрін сақтау - Дүниежүзі татарлар конгресі ұйымының еншісінде.
Алматы облысы атынан барған делегацияны конгресс басшылары, Татарстан халықтар достығы үйінің директоры, Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесінің депутаты Ирек Шарипов, Татарстан халықтарының Ассамблеясы Кеңесі Атқару комитетінің төрағасы Николай Владимиров және Татарстан Республикасының қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Сағит Жақсыбаев қарсы алып, құрмет көрсетті.
Қазақстанда тұратын татарлармен рухани көпір орнатқан ұйым болашақта да екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға ниетті. Жетісулық делегация сапар барысында көне Қазан қаласының мәдени және рухани орындарын аралады. Кремль, Құл-Шәріп мешіті, Сүйінбике мұнарасы сынды тарихи ғимараттарда болып, Татар халқының бай мәдениетімен жақынырақ танысты.
Алматы облысы мен Татарстанның Достық үйлері өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Алматы облысында 70-тен астам этномәдени бірлестік тіркелсе, Татарстанда олардың саны 200-ден асады. Мақсаттары ортақ, бағыттары бір екі елдің Ассамблеясы болашақта қоян-қолтық жұмыс істеуге келісті.
Кездесу соңында Алматы облысы делегациясы шағын концерттік бағдарлама ұсынып, халқымыздың қасиетті қара домбырасын қазақ этномәдени орталығына тарту етті.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті