
01 Қыркүйек, 2016
1620
«АЗАТ ЕЛДІҢ АР-НАМЫСЫ АТА ЗАҢ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ
2016 жылдың 29 тамызында Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық Үйінде Конституция күніне орай облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтың төрағалығымен «Азат елдің ар-намысы Ата Заң» атты дөңгелек үстелі өтті.
Іс-шараның мақсаты: қоғам санасында Конституцияның заңдық күшінің маңыздылығы мен рөлін нығайту, демократиялық және құқықтық мемлекетті құруды қамтамасыз етуші күш ретінде, әрі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуындағы тарихи ролін қалыптастыру.
Іс-шараға департаментер мен мемлекеттік мекеме жетекшілері, мәслихат депутаттары, дін басылары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі мүшелері, Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, ардагерлер, олимпиада жүлдегерлері, қәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында Достық үйінің фойесінде сәндік-қолданбалы өнер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. «Өнерміз, саған Қазақстан!» атты фестиваль аясында өткізілген жәрмеңкенің мақсаты – еліміздің барша ұлт өкілдерін қазақ мәдениетінің дамуына үлес қосуға шақыру. Жәрмеңкеге қатысушылардың жұмыстары қатарында : киізден басылған көріністер мен музыкалық аспаптар, әшекей бұйымдар т.б. Фестиваль қатысушыларының жұмыстары – Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің сақталуының бірден-бір нышаны.
Дөңгелек үстел отырысының ашылуында Нұрмұхамбет Әбдібеков барша жиналған қауымды Тәуелсіз мемлекетіміздің маңызды мерекелерінің бірі – Конституция күнімен құттықтады. Облыс әкімінің айтуынша, Елбасымыздың төрағалығымен алынған бағыт әрі қарай нығая түсетініне еш күмән жоқ, сонымен қатар, оның кепілі ретінде басты заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы болмақшы.
Іс-шара барысында облыс әкімі Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін белсенді азамттарды, қоғам қайраткерлерін, сонымен бірге мемлекеттік мекеме қызметерлерін алғыс хаттармен марапаттады.
«Болашақ» университетінің проректоры, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Гүлнар Рысмағамбетованың айтуынша, Ата Заң – Қазақстанның бет келбетін ашатын заңды жүйе. Еліміздің тәуелсіздік жылдарында Ата Заң негізінде 1900-ден астам заң қабылданды. Сондықтан, бізге тек оның мәтіні ғана емес, сонымен бірге, оның құқықтық қызметі маңызды.
Бұған қоса, Гүлнар Мусиқызы өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы тәуелсіздік жылдарында құқықтық беделінің арқасында «ұлттық дипломатия органына» айналғанын айтты.
Аталмыш іс-шараға қатысушылардың бірі, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова өз сөзінде барша қауымды Конституция күнімен құттықтап, Олимпиадада көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, өзінің жас та болса, өте беделді әрі әлемге танымал Қазақстан мемлекеті үшін мақтанатынын жасырмады. Мемлекетімізге ашық аспан, келісім мен тұрақтылықты тілеп, «еліміздің көркеюі үшін жасалатын әрбір іс бізді бұдан да үлкен жетістіктерге алып келеді» -деп өз өзін тәмәмдады.
Қарағанды мен Шахтинск қалаларының епископы Осокин Александр да өз сөзінде қатысушыларды Ата заңымыздың 21 жылдығымен құттықтап, Қазақстанның зайырлы мемлекет ретінде барша азаматтарға үлкен мүмкіндіктер беретініне тоқталды. Әрі Елбасымыздың саясаты – барша Қазақстан халқының: 140-тан астам ұлты мен 40-тан аса конфессия өкілдерін бейбітшілік пен келісімде өмір сүруінің нәтижесі екендігін айтып өтті.
Дөңгелек үстелді соңында қатысушылар Қазақстан Республикасының Ата Заңы – тұрақтылық, бейбітшілік пен келісімнің кепілдігі және мемлекетіміздің демократиялық дамуының берік іргетасы екенін айтты.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
e-mail: info@kelisim.kz
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті