Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Қаңтар, 2016

1757

«Азатықты аңсаған Алтай батыр»

14 қаңтар күні Ақтөбе қаласындағы С.Бәйшев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Азатықты аңсаған Алтай батыр» тақырыбындағы ғылыми-танымдық конфереция болып өтті. Оны  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің проректоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Миров Мұхтар Орынбасарұлы жүргізді.

Конференцияның мақсаты тәуелсіздік үшін күресіп, азаттық үшін алысқан Алтай батырдың ерлік істерін, халқына жасаған қызметін ел-жұрттың жадында жаңғырту. Оның есімін ұмыттырмай, жас ұрпаққа үлгі ету, батырдың өмір жолымен көпшілікті таныстыру арқылы елін батырымен қауыштыру және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.

Модератордың алғысөзінен кейін Әбілхайыр ханның ерекше сенім көрсеткен адамы Алтай батыр Ебісекұлы туралы дайындалған баяндама тыңдалып, сөз кезегі конференцияға қатысушыларға  берілді. Кіші жүздің элитасы қатарына кірген, елді, жерді қорғау үшін күрескен батыр, қалмақтармен соғыста талай рет қол бастаған ержүрек қолбасшы, Орынбор губернаторлық басшылығы арқылы Ресеймен саяси-кономикалық, әскери-әлеуметтік қарым-қатынас жасауға белсене араласқан шебер дипломат болған, қазақтың асыл перзенті, беделді би, тарихи тұлға жайлы баяндама жасағандардың қатарында: Н.А.Абдоллаев,  М.Молдағазин, И.Ермекбаев, О.Өтенова, Б.Мырзабаев, Л.Жаулина, Б.Кемешов, С.Хұсайынов, Е.Құрманбек, Қ. Ермұқан болды. 

Алтай батырдың өмір жолын, архивтік деректермен ғылыми негіздеп «Алтай батыр» деген кітабында толық баяндаған тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Беркін Құрманбектің еңбегі атап көрсетілді.  

Алтай батырдың есімі ел есінде. Байғнин ауданында Алтай батыр ауылы, Алтай бұлағы, Ақтөбеде үлкен сауда орталығы, көше бар. Конференция барысында көрме ұйымдастырылып, кітаптар қойылып, слайд, телефильм көрсетілімі болды.

Іс-шараға «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ-нің «Қоғамдық келісім» КММ-сі қызметкерлері, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ студенттері, зиялы қауым өкілдері, Алтай батырдың ұрпақтары, жастар, қала тұрғындары қатысты. 

   

Кейін қарай