
06 Наурыз, 2017
923
Ғажайып ғасырлар қойнауынан...
«ЭКСПО-2017» жылына арналған «Ғажайып ғасырлар қойнауынан» байқауының ұйымдастырушысы – Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы әзірге туған қаланың оқу орындарында білім алатын болашақ тігіншілер мен киім дизайнерлерінің шығармашылық, эстетикалық және адамгершілік әлеуетін анықтау және дамыту, дәстүрлі емес материалдарды қолдана отырып, киімде фольклорлық және халықтық стильдерді қалыптастыру арқылы мәдениетіміздің тарихи тамырын таныту мақсатын көздеді. Байқаудың бағдарламасын ұйымдастыруға Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасы және Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Аналар кеңесі үлкен қолдау көрсетті.
Тарихи қалыптасқан дәстүрлердің қойнауынан шыққан, ұлттық киімдердің алуын түстерімен көз жауын алатын әсерлі іс-шара Көкшетау қаласының қонақжай Қоғамдық келісім сарайында өтті.
Байқауға қатысушылар, яғни «Тігінші» және «Киім дизайнері» мамандықтары бойынша Ақмола облысының жоғары оқу орындары мен колледждерінде білім алатын студенттер бір айдан артық уақыт бұрын жеребе тарту арқылы жарыстың қорытынды бөлігінде беделді әділ қазылар алдында қорғау үшін ұлттық киім таңдау сияқты байқаудың тапсырмасына ие болды.
Сахнаға кезекпен ұлттық киім киіп шыққан модельдер көрермендерді мемлекеттің ежелгі мәдениеті мен тарихына, 16-17 ғасыр заманына аударып жібергендей болды.
А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің, Көкшетау қаласындағы Ақан Сері атындағы колледждің, №1 құрылыс - техникалық колледжінің, №1 сервистік - техникалық колледждің, Щучинск қаласындағы туризм және сервис индустриясы колледжінің және педагогикалық колледждің, Красный Яр ауылындағы №3 агротехникалық колледждің студенттері өздерінің конкурстық киімдерін ұсынып, олардың жасалу тарихы туралы, оларды дайындау барысында қолданылған дәстүрлі емес материалдар туралы, киімнің әр түрлі бөліктерін байланыстырудың өзіндік әдістері туралы қызықтыра айтып берді.
Құзыретті әділқазылар құрамында тігін ісінің мамандары - сәнгер, «Қазақстанда жасалған» атты республикалық көрмелерінің қатысушысы, республикалық және облыстық байқау жеңімпаздарының киімдерінің авторы, «Акай» сән үйінің негізін қалаушы Ғалия Алдабергенова, Щучинск қаласындағы «Веста Бурабай» тігін салонының негізін қалаушы және басшысы, «Қазақстанның ең жақсы өнімі» аймақтық байқауларының жеңімпазы Екатерина Жукова, «Береке-Көкше» ЖШС бас технологы Гүлнар Арынова, ҚХАА Халықтық сәндік – қолданбалы өнер шеберлері қауымдастығының мүшесі Людмила Безгачева, Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ мәдени-бұқаралық іс-шаралар бөлімінің басшысы Ирина Панасюра, «Светлана» тігін
шеберханасының басшысы, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулар дипломдарының иегері, «Қазақстанда жасалған» атты республикалық көрмелердің қатысушысы Светлана Ехлакова болды.
Құзыретті әділқазылар алқасының ойынша орыстың ұлттық киімі ең үздік тігілген киім ретінде танылды. Киімнің авторы Щучинск қаласының педагогикалық колледжінің шығармашылық тобы: Людмила Орешкина, Ирина Сулейманова, Тамара Андросова, Сая Аржикеева, Елена Паюк және Гүлнұр Орынбаева.
«ЭКСПО -2017» жылына арналған «Ғажайып ғасырлар қойнауынан» айрықша жобасының авторы, «Қоғамдық келісім» КММ көркемдік-қойылымдық бөлімінің меңгерушісі Найля Сейдалинаға шынайы алғысымызды білдіргіміз келеді.
Іс-шараны Найля Ибрагимовна былайша қорытындылады: «Мен көрермендердің киім арқылы ұлттық мәдениеттердің сұлулығына баға беруін қаладым. Себебі халық киімі – ол суретші-сәнгерлердің шығармашылық қиялының тұрақты көзі. Менің ойымша, осындай іс-шаралар арқылы біз жастарды дәстүрлі емес материалдарды қолдана отырып, киімде фольклорлық және халықтық стильдерді қалыптастыру, тарихи тамырымызды тануға тартып қана қоймай, сонымен қатар тарихтың, әдебиеттің, шығармашылықтың көмегімен эстетикалық, зияткерлік салада өзін өзі дамытуды арттырамыз, рухани бірлік, достық пен ұлтаралық келісімді насихаттау идеяларын қалыптастырып, таратамыз».
Ұқсас жаңалықтар
-
Өскеменде Пушкиннің шығармашылығына арналған поэзия кеші өтті
-
Ж.Түймебаев Жібек жолы феноменін таныту үшін университеттерде ЮНЕСКО кафедраларын ашуды ұсынды
-
Біз, музыканттар, шахтерлар сияқтымыз: Жаңа туындыларды жан қойнауынан «қазып шығарамыз»
-
Қазақстанның шығысындағы бірегей этнографиялық ауылға танымдық-ғажайып саяхат
-
Рождестволық таңғажайып
-
Рождестволық таңғажайыптар
Ұқсас жаңалықтар
-
Өскеменде Пушкиннің шығармашылығына арналған поэзия кеші өтті
-
Ж.Түймебаев Жібек жолы феноменін таныту үшін университеттерде ЮНЕСКО кафедраларын ашуды ұсынды
-
Біз, музыканттар, шахтерлар сияқтымыз: Жаңа туындыларды жан қойнауынан «қазып шығарамыз»
-
Қазақстанның шығысындағы бірегей этнографиялық ауылға танымдық-ғажайып саяхат
-
Рождестволық таңғажайып
-
Рождестволық таңғажайыптар