
11 Тамыз, 2018
1814
БҰҚАР ЖЫРАУ ҚАЛҚАМАНҰЛЫНЫҢ 350 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КӨРМЕ-КОНКУРСЫ ӨТТІ
9 тамыз күні Қарағанды қаласының «Достық үйінде» Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Бұқар жырау ауданы әкімдігінің және ҚХА Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері, Абылай ханның кеңесшісі, әйгілі жырау - Бұқар жырау Қалқаманұлының шығармашылығы мен өмірін терең танып білу, жас ұрпаққа оның рухани мұрасын дәріптеу мақсатында сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнерінің облыстық көрме-конкурсы өтті.
Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына орай ұйымдастырылған аталмыш көрмеге 47 жұмыс қабылданды. Қарағанды облысының суретшілер Одағының мүшелері М. Қалмаханов, Қ. Балабеков, Д. Ізбасарұлы, Ю. Ку, Ж. Балкенов, сонымен қатар, жас буын суретшілер өкілдері Бұқар жырау Қалқаманұлының асыл мұрасын насихаттау аясында, XVII-XVIII ғасырды қамтитын туған жерге сүйіспеншілік тақырыбын өрбіте білді.
Көрме-сурет байқауының қазылар алқасының төрағасы — ҚР суретшілер Одағының мүшесі, Өнер академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Б. Мұстафин.
Әділ қазылар алқасына енген ҚР суретшілер одағының мүшесі П. Кишкис Бұқар жырау аудандық маслихат хатшысы Ә. Сағадиұлы, Алматы қаласындағы Д. Қонаев атындағы Университетінің кафедра меңгерушісі, заң ғылымының докторы, Бұқар бабаның ұрпағы Қ. Айтхожин қатысушылардың жұмыстарын бағалап, «Графика» номинациясы бойынша М. Аманбаев гран при иегері болды. Бұдан бөлек, «Мүсін», «Кескіндеме», «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациялары бойынша суретшілер М. Қалмаханов, Д. Ізбасаров, А. Акишев, Қ. Мәлік, А. Рахад. Жүлдегерлерге ақшалай сертификаттар беріліп, көрме жұмысының ұйымдастырылуына ат салысқандарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Фойеде Достық үйінің кітапханасы мен Бұқар жырау аудандық өлке тану музейінің ұйымдастыруымен ақпараттық кітап көрмесі таныстырылды, сондай-ақ, этномәдени бірлестіктердің өкілдері бірнеше тілде Бұқар баба толғауларын оқыды.
Көрменің ашылу салтанатына Қарағанды облысы ҚХА төрағасының орынбасарлары Б. Алтынбеков пен Д. Касапиди қатысып, аталған шараның маңызы мен қаншалықты мәнді екенін атап кетті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас өскелен ұрпаққа көнеден ұмыт болып бара жатқан қазақ ұлтының салт дәстүрін сурет өнері арқылы насихаттап, тұрмыстық, батальды өнер, қол өнері көрермен назарына ұсынылған көрме-сайысқа 100 ден астам көрермен қатысып, тамаша әсерде қайтты.
Маңызды шараға Қарағанды облысы ҚХА этномәдени бірлестік мүшелері, Бұқар жырау аудандық әкімдігінің бөлім басшылары мен ұжымдары музей, кітапхана қызметкерлері, мұғалімдер, студенттер, БАҚ өкілдері қатысты. Аталмыш көрме 15 тамызға дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті