28 Маусым, 2022
575
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мейрамы күніне арналған дөңгелек үстел өтті
Бүгін, 28 маусым күні Алматы қаласы республикалық Достық үйінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының ұйымдастыруымен Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мейрамы күніне арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты –Жүсіп Нұртөре, Сенат төрағасының кеңесшісі – Бибігүл Жексенбай, БАҚ және этноБАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында, Сенат төрағасының кеңесшісі қабылданатын заңдардың сапасына терең мән беретінін айтты. Осы жұмыстарды халыққа жеткізу үшін Сенат дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарымен және масс-медиамен бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыра беретіндігін жеткізді.
Сонымен қатар, Жүсіп Нұртөре бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мейрамы күнімен құттықтай отырып, еліміздегі асырылып жатқан әлеуметтік-эконикалық, саяси реформаларды және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының заң шығару қызметін халыққа жан-жақты дәріптеп жүрген журналистер, телеарна, радио, баспасөз редакцияларының қызметкерлері Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың атынан алғыс хаттармен марапаттады.
– «Біз Сенаттың заң шығару қызметін халыққа жан-жақты дәріптеп жеткізуге міндеттіміз. Сенат жұмысында қызметіміздің ашықтығына және БАҚ өкілдерімен тығыз байланысқа әрдайым ерекше көңіл бөлеміз. Бұл – біз үшін маңызды бағыт» – деді Бибігүл Жексенбай
Барлық қатысушылар бұқаралық ақпарат құралдары бүгінде көптеген кәсіби мамандардың жұмысын атқаратындығын атап өтті. Олар өз еңбегімен мемлекеттің дамуына, қоғамдық келісімді, татулық пен өзара түсіністікті нығайту мен сақтау бағдарламасының табысты жүзеге асырылуына қомақты үлестерін қосып келеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
6 Қыркүйек, 16:48