21 Қыркүйек, 2018
1845
Бүгін Ақтөбеде Аналар слеты барысында Қазақстандағы тұңғыш «Анаға тағзым» рухани – танымдық тәрбие беру орталығы ашылады
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында 20-21 қыркүйек күндері Ақтөбе облысында Аналар слеті өтуде.
Ауқымды іс-шараға Қазақстанның барлық жерінен келген 1000-нан астам делегат қатысуда. Олар: еліміздің дамуына өз үлестерін қосқан мемлекеттік органдардың, бизнес, мәдениет, білім, денсаулық сақтау және спорт салаларының өкілдері.
Слет қатысушылары үшін екі күндік ауқымды бағдарлама дайындалған: Ақтөбе қаласының мәдени және әлеуметтік нысандарына бару, дөңгелек үстелдерге, шеберлік сабақтары мен жаттығуларға қатысу сияқты тағы да басқа іс-шаралар қарастырылған.
Дөңгелек үстел барысында делегаттар әйелдердің қоғамдағы әлеуметтік рөлі мен мәртебесін арттырудың, демографиялық саясаттың дамуын, сондай-ақ, қазіргі заманғы отбасы, ана мен бала мәселелерін талқылауда.
Аналар слетінде "Туған жерге тағзым" акциясы аясында меценаттар қаражатына салынған Қазақстандағы тұңғыш "Анаға тағзым" рухани-танымдық тәрбие орталығының ашылуы жоспарланған.
Аталмыш жоба әрқайсымыз үшін есімдері қасиетті барлық аналарға құрмет көрсету болып саналады. Қонақтар орталықтың экспозициялық залында Қазақстан тарихында маңызды рөл атқарған қазақ халқы әйелдерінің өмірі мен ерлік істері туралы жан жақты таныса алады. «Анаға тағзым» орталығында өскелең ұрпаққа білім беру және тәрбие жұмыстары жүргізіліп, жастарға заманауи қоғамда қажет құнды бағдарларды дамытуға мүмкіндік беретін психологиялық жеңілдеу және кеңес беру, қолданбалы өнер, жалпы даму, музыкалық тәрбие беру, стилистика мен дизайн, отбасылық тренинг жүргізу кабинеттері мен басқа да қызмет түрлері жұмыс жасайтын болады.
Дата события ассамблеи: 21.09.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті