21 Қыркүйек, 2018
2134
Бүгін Армения тәуелсіздігінің 27 жылдығы аталып өтуде
Жыл сайын 21 қыркүйекте Армения Тәуелсіздік күнін атап өтеді. 1921 жылдан бері Кеңес Одағының құрамында болған Армения халқы дәл осы күні тәуелсіздігін жариялау туралы республикалық референдумда дауыс берді.
Жыл сайын 21 қыркүйекте Армения Тәуелсіздік күнін атап өтеді.
1921 жылдан бері Кеңес Одағының құрамында болған Армения халқы дәл осы күні тәуелсіздігін жариялау туралы республикалық референдумда дауыс берді.
Сол күні, 21 қыркүйекте Арменияның Жоғарғы Кеңесінің шешімі бойынша КСРО-дан шығу және Арменияның тәуелсіз мемлекет құру туралы референдум өткен болатын. Дауыс құқығы бар азаматтардың 99 % бұл сұраққа оң жауап берді.
23 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы Кеңесі Арменияны Тәуелсіз мемлекет деп жариялады.
1991 жылдың қазан айында Левон Тер-Петросян тәуелсіз Арменияның Президенті болып сайланды. Сол жылы Армения Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кірді.
1992 жылы Армения БҰҰ құрамына еніп, 2001 жылдан бастап Армения Еуропалық кеңестің толыққанды мүшесі болды.
Қазақстанда қазіргі уақытта 25 мыңға жуық армян ұлты өмір сүріп жатыр. Еліміздің облыс, қалаларында 14 этномәдени орталықтары бар. Олар өз ұлтының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін жаңғыртып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық қазақстанның моделін қалыптастыруға өз үлестерін қосуда.
Қазақстан бойынша он жексенбілік мектеп жұмыс істейді, онда 300-ден 400-ге дейін оқушы білім алуда.
2006 жылдан бастап армян қауымына арналған «Наири» газеті шыға бастады. Газетте Қазақстан халқы Ассамблеясы іс-шаралары, сондай-ақ Қазақстан армяндары мен ҚР армян жастары қауымдастығының барлық 14 филиалдарының қызметі мен жаңалықтары жарық көреді. Қазақ және армян тілі сабақтары басылады.
Армяндар Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Алматы қалаларында көп қоныстанған.
Армяндар Қазақстан тарихында көрнекті рөл атқарды, оның мемлекеттік құрылысына, ғылыми және мәдени өміріне өз үлесін қосты.
2004 жылдан бастап Алматыда ҚР «Наири» мәдени орталықтарының қауымдастығы құрылды, төрағасы — Артуш Карапетян.
ҚР армян қауымдастығы елдің қоғамдық және саяси өміріне, соның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына белсене қатысады.
Қазақстан Республикасындағы Армения Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі – Ара Саакян.
Дата события ассамблеи: 21.09.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті