01 Шілде, 2018
3227
Бүгін Қазақ даласының аспанында қасиетті домбыра үні қалықтады
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен шілде айының алғашқы жексенбісін «Ұлттық домбыра күні» деп белгілеген болатын.
2018 жылы 1 шілдеде Қазақстан халқы Ассамблеясы « Бабалардың көзіндей қасиетті Домбыра» атты акциясын өткізді. «Ұлттық домбыра күні» - халқымыздың ұлттық мәдениеті мен бірегейлігін сақтап, қайта жаңғырту идеясының төңірегінде топтастыруды мақсат ететін мереке.
Акция мақсаты- Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету және Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасын дәріптеу. Домбыра-жай ғана аспап емес, оның бойында қазақылық тұнып тұр.
Аталған акция Қазақстанның жаңа туған азаматтарына және олардың ата-аналарына балаларының рухани дамуының өмірлік мағынасына негіз қалайтыны анық. Өйткені, ежелгі ескі заманнан бастап, қазақтың баласы қасиетті қара домбыраның қадір-қасиетін түсінбей, домбыра шертпей өсетін болса, онда ол өз халқының рухын түсінбейді деп есептелген. Біз қашанда киелі домбыраның атадан балаға мирас болып қалған ұлы мұрасы екенін ешқашан естен шығармауымыз, ұмытпауымыз керек.
Осыған орай, аймағымыздың перзентханаларында, атап айтқанда, «Облыстық перинаталдық орталық», «Аймақтық акушерлік - гинекология орталығы», «Жезқазған қаласының облыстық перзентханасы», «Балқаш қаласының перзентханасы», «Теміртау қалалық перзентханасы» әрбір жаңа туылған нәрестеге Қазақстан халқы Ассамблеясының логотипі бар домбыра мен тілекхат тарту етілді.
Алдымен Майқұдықта орналасқан «Аймақтық акушерлік - гинекология орталығында» «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайын, ҚХА қайырымгерлер мен меценаттар клубының төрағасы, «ҚазПласт» ЖШС директоры Сергей Водько, Т.Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі серіктестігінің төрайымы Зеновия Красивская Ярославовналар Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерімен бірге дәл бүгін туылған Наташа есімді сәбиге Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан домбыра сыйлады.
Осынау дүбірлі мереке күні өмір есігін ашқан нәрестеге және оның анасына денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі. Қазақстан – ұл мен қызы еркін, тәуелсіз мемлекет. Оның ту тіккен елордасы- Астананың 20 жылдығы қарсаңында өтіп жатқан шара өскелең ұрпақ бойына қуаныш сезімін ұялатып, ел болашағы жастарға ұлттық дәстүрлеріміз бен төл өнерімізді насихаттайды деп сенеміз.
Индира Тоқмырзина
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды